8Отбасы қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі



Дата07.12.2019
өлшемі14,68 Kb.
#53163
Байланысты:
Отбасы ұғымы

8Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі .Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық, психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді. Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады . Біреулер мейлінше өбектеп тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін .Ондай отбасындағы балалар жалқау,енжар болып тәрбиеленеді .  Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс. Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор.Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту , өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулығын нығайту , ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу , жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын,мейірімділік,рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс.  Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор: Ата-ананың ,үлкен-кішілерінің, тарихи тұлғалардың айналасындағылардың өнеге-үлгісі,көркем сөз туындылары,музыка, бейнелеу өнері,табиғат,қоғамдық өмірдегі,спорттағы шығармашылық жетістіктері т.б. Отбасы тәрбиесінің мақсаты, атқаратын қызметі,тәрбие құралдары халықтық педагогика негізінде дамиды.Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан мектептен дін мәселесі бөлек қарастырылады. Конституция бойынша әр ұлт өкілінің мәдениеті аясындағы дінді ұтануына шек қойылмайтығы белгілі.Демек отбасындағы халықтық тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып,имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселеріне жете ден қою да өз мәнін жоғалтқан емес. Діннің ізгілікке тән қағидаларды ұстанатыны белгілі.  Ата-ананың отбасындағы өзара сыйластығы,мейірімділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың отан алдындағы жауапкершіліктерін арттыруы,тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарары сөзсіз. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет