9- сынып қазақ тілі
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.
Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз.
[10]
Қақтығыстарды реттеудің әдістері
Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу.
Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі. Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған, арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның классикалық мысалы келіссөз жүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.
Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова
Талдау__________________________________________________________________________
Сұрақ:
1.____________________________________________________
2.____________________________________________________
3.____________________________________________________
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жазыңыз.
[10]
Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жатқан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бейжай қалдырмасы анық. Балалық шағын ұрлаған олардан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, бейбітшілікке шақыра отырып, мақала жазыңыз.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Осы пікірмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |