ПәНІ: Химия мамандығЫ: 0101000 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» біліктілігі



бет1/3
Дата03.06.2020
өлшемі0,59 Mb.
#72198
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
714 5461 78986


ПӘНІ: Химия

МАМАНДЫҒЫ: 0101000 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

БІЛІКТІЛІГІ: 0101033-«Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі»

ТОБЫ: МДБ-Т-19


Қайырлы күн, білім алушы!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Белоктың қасиеттері

Сабақ түрі: зертханалық
Нәруыздар — мономерлері аминқышқылдары болып табылатын биополимерлер. Тірі ағзалардың нәруыздарының құрамына аминқышқылдарының 20 түрі кіреді. Нәруыздардың молекуласы қалыптасқан кезде аминқышқылдары белгілі бір ретпен химиялық байланыспен қосылады. Бірақ аминқышқылдарының қосылу реті ДНҚ-да жазылған және тұқым қуалау ақпараты деп аталады. Әрбір нәруыздың құрылысы ерекше болады. Аминқышқылдарының 20 түрі әртүрлі ретпен қосылады, олардың саны түрлі болуы мүмкін.

Нәруыздардың молекулалары әртүрлі үйлесімде бірнеше данадан мыңдаған данаға дейінгі аминқышқылдарынан тұрады. Сондықтан нәруыздардың алуантүрлілігі шексіз. Адам ағзасында нәруыздардың бірнеше миллион түрі болады.

Нәруыздардың қасиеті мен қызметі. Нәруыздардың көпшілігі суда жақсы ериді. Сондықтан олар өздерінің биологиялық қасиеттерін судағы ерітіндісінде көрсетеді. Бірақ ерімейтін нәруыздар да бар. Мысалы, сүйек нәруызы оссеин немесе буын нәруызы, сіңір және тері нәруызы коллаген суда ерімейді. Нәруыздардың қасиеттері алуан түрлі. Ол нәруыздардағы аминқышқылдарының құрамы мен мөлшерінің де әртүрлі болуына байланысты.

Нәруыздардың негізгі үш қызметі:

Құрылыстық қызметі. Барлық тірі ағзалар, негізінен, нәруыздардан тұрады. Нәруыздар барлық жасушалық құрылым құрамына кіреді де, жасушаның құрғақ массасының 80% -ын немесе орташа алғанда 70%-ын су алады деп есептегенде шикі массасының 20%-ын құрайды.Өсімдіктер мен кейбір бактериялар судан, көмірқышқыл газы мен қүрамында азоты бар заттардан барлық аминқышқылын синтездей алады. Адам мен жануарлар аминқышқылын тек қорекпен алады. Олардан ағза өз нәруыздарын түзеді. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, қытайбұршақ (соя), бұршақ, асбұршақ және кейбір өсімдіктер нәруыздарға бай.

Ферменттік қызметі. Әрбір тірі жасушада күрделі биохимиялық реакциялар жүреді. Жасушаға түскен заттар ыдырайды. Басқа заттар керісінше түзіледі. Осылардан бөлінген энергия қолданылады, жұмсалады немесе синтезделеді. Жалпы жасуша бір мезгілде жүздеген, мыңдаған әртүрлі реакциялар жүретін алып химиялық зертхана сияқты жұмыс істейді. Тірі жасушаларда жүретін реакциялардың жоғары жылдамдығы мен дәлдігін нәруыз-катализаторлар немесе реакцияны тездеткіштер -ферменттер қамтамасыз етеді.

Әрбір фермент бір, сирек жағдайда бірнеше реакцияны катализдейді. Мысалы, асқазан сөлінің ферменті — пепсин тек тамақ нәруыздарын ыдыратады да, майлар мен көмірсуларға әсер етпейді. Басқа ферменттер белгілі бір көмірсуларды ыдыратады. Олар басқа заттарға (майлар немесе нәруыздар) әсер көрсетпейді. Нәруыз-ферменттердің осындай ерекшелігі үдерістің дәлдігін қамтамасыз етеді.

Нәруыздардың энергетикалық қызметі көмірсулардағы сияқты. Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Солардың кейбіріне сипаттама берейік.

Реттейтін қызметі. Гормондар ағзадағы физиологиялық үдерістердің реттегіші болып табылады. Адам және жануарлар гормондарының бір бөлігі нәруыздар болып табылады. Мысалы, ұйқы безінің гормоны — инсулин бауыр жасушасында гликогенді синтездейтін ферментті белсенді етеді. Осылай қандағы глюкоза деңгейі төмендейді. Ол бауыр гликогеніне айналады.

Нәруыздардың қорғаныш қызметі иммунитетті қамтамасыз етуден тұрады. Адам ағзасы мен жануарларда қорғаныш нәруыздары -антиденелер түзіледі. Олар ауру тудыратын микроағзалардың тіршілік әрекетін жояды. Сонымен қатар фибриноген сияқты нәруыздар қанның ұю үдерісіне қатысады.

Сүйек нәруызы — оссеин мен сіңір нәруызы — коллаген механикалық қызмет атқарады.

Бұлшық ет нәруызы — актин мен миозин жиырылғыш қызмет атқарады.

Гемоглобин нәруызы тасымалдау қызметін атқарады. Ол қанның құрамында болады да, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.

Түсі бар нәруыздар пигменттік қызмет атқарады. Мысалы, тері-дегі — меланин, шаш, көздің қасаң қабықшасы.



Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Мысалы: сигнал беру, жылу оқшаулау және т.б.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет