4 – тапсырма.
Тәуелсіздік тұғыры
Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес.Астанамызда заманауи құрылыс саласының барлық құрылымын қамтитын жаңа құрылыс кластері қалыптасты.Бас қаланың көркін арттырған сәулет өнерінің озық үлгілері салтанат құрды.Олар: «Ақорда», «Астана триумфы», «Пирамида», «Бәйтерек», «Хан Шатыр» және т.б ғимараттар.Бұл архитектуралық ансамбльдерге «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» аркасы қосылды.91 метрлік зәулім тұғырдың ұшар басынан аспанға ұмтылған самұрық құс азаттық аңсаған әрбір қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты.Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған елордамыз бүгінде төрткіл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналғаны да ақиқат.Оған елордада өткен ЕҚЫҰ саммиті,VII қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы,Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері толық дәлел бола алады.Халықаралық айтулы оқиғалар эстафетасын «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесі жалғастырды.
Міне, осындай тамаша жетістіктер мен жеңістерге толы 20 жыл ішінде Ұлы даланың Сарыарқа төсінде XXI ғасырдың ғажайыбы, әлемдік мегаполис,арман қала бой көтерді.Осы жылдар ішінде қала халқының саны үш есе артып, 298 мың адамнан 1 миллион адамға жетті.Жоғары оқу орындарының саны үш есе көбейді.Сонымен қтар жаңа жұмыс орындарымен қамтылған астаналықтар саны 136 мыңнан 466 мыңға дейін өсіп 3,5 есе артты.Қала аумағы 258 шаршы шақырымнан 800 шаршы шақырымға дейін өсті.
Жиырма жыл ішінде елордамыз Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды.
Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сөйлемдердің шын (Ш) немесе жалған (Ж) екендігін анықта. [3 балл]
Достарыңызбен бөлісу: |