9-10-апта. Білім мен дағдыларды бақылауға арналған іт ресурстар



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі16,03 Kb.
#100571
  1   2
Байланысты:
пед


9-10-апта. Білім мен дағдыларды бақылауға арналған ІТ ресурстар.

Комуникациялық технологияларды жəне ақпараттану құрал-дарын көбіне мектеп оқушыларына оқу барысындағы бағалау үдерістерін жəне нəтиже деңгейін қадағалау үшін қолданылады. Мұғалімдер мұндай компьютерлік техника құралдарын педа-гогикалық бағалау жəне нəтижені қадағалау бағытындағы құрал ретінде пайдаланады. Мұндай компьютер құралдарын педагогикалық бағытта жа-сау жəне пайдалану оқыту нəтижесін қадағалау жəне өлшеуде өте маңызды рөл атқаратындығын естен шығармау керек.

Қазіргі заманда мұндай оқыту жүйелерін қадағалау жəне бағалауда тест жүйелері қолданылады, бұл термин бағалау жүрген жерде тақырыпқа байланыссыз кез келген жерде қолданылады.

Тест жүйесін қолданатын қолданушылардың барлығы бұл жүйенің тиімді жақтарын көрсетті:

- тест процедурасының барысында формалаудың жəне бірегейліктің жоғары деңгейілігі,

- бірнеше компьютерді пайдалана отырып, бір уақытта бірнеше тест жүйесімен жұмыс жасау,

- интернет бүкілəлемдік желісі бойынша немесе жеке компьютерлік желі арқылы қашықтықтан тесттеу жүйесінің бар болу мүмкіншілігі.

Тесттеу жүйесі білімді бағалау (қадағалау) мақсатында жүзеге асады. Мұндай жағдайда мұғалім əрбір тақырыптан кейін неме-се əр курстың соңында білімді қорытындылау мақсатында тесттеу жүйесін ұйымдастыра алады.

Сонымен қатар, тесттеу жүйесін оқыту үдерісі жүріп жатқанда да пайдалануға болады. Бұл кезеңде тесттеу жүйесінің материалда-рын пайдалана отырып оқушы «жекелей жұмыс» жасайды жəне «өз қатесімен жұмыс жасап» үйренеді.

Сондай-ақ, тесттеу жүйесінде пайдаланылатын құралдар соңғы нəтижені қадағалау мақсатында да пайдалануға болады. Мұндай жағдайда, оқыту барысында көрініс беретін нəтиженің мазмұны мен əдістемелік, құралдарының маңызы зор болып табылады.

Бұдан басқа тесттерді топтау мен тестті автоматтандыруда компьютер құралдарын қолдану үшін тесттік материалдардың деңгейлік топтары бар.

І деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының анықтамалық қызметтерді атқару білігін тексеруге арналады. Бұл тануға арналған тесттері (тапсырма шарты «ия» немесе «жоқ» деген жауапты қабылдайды); ажыратуға арналған тесттер (берілген жауаптардың ішінен дұрысын анықтау); жіктеуге арналған тесттер (екі түрлі элементтің сəйкестігіне арналған тапсырма шешімі).

ІІ деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларын бұрын түсін-дірілген қызметтерді алгоритмдік пішінде өз бетінше есте сақтау арқылы қайталау жəне қолдану біліктілігін анықтауға арнала-ды. Оған жататындар: алмастыруға арналған тесттер (тапсыр-маларда бақыланған жіберілген құрауышты толықтыру қажет); конструктивтік тесттер (бұл тесттер тапсырмасы жауапты (əрекетті) 225өз бетінше есте сақтау арқылы айтуды талап етеді); тесттер-типтік тапсырмалар (тапсырмаларды дəлме-дəл, түсіндірілген əрекеттердің алгоритмін өзгертілмеген түрде қолдану жолымен ше-шуге болады)

ІІІ деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының эвристикалық типтің өнімді əрекеттеріне дайындығын анықтауға арналады, бұл типтік емес тапсырмалар мен жағдайлар (тапсырмада мақсат анық, бірақ мақсат жетуі мүмкін жағдай түсініксіз, типтік əрекеттерді игеру ережелерінің алдын-ала өзіндік трасформациясы жəне берілген, бейтаныс жағдайларды шешу үшін қолдануда талап етіледі).

IV деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының шығармашылық біліктілігін, оларың жаңа ақпаратты қабылдаудағы зерттеу мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Бұл тест-мəселе (шешімі белгісіз жəне атақты əдістердің анықталуы жолымен де тікелей қабылданбайтын тапсырмалар мен алгоритмдер)

Бұдан басқа ақпараттандыру үдерісіне тағайындау бойынша құрастырылған тесттік материалдар тобы да кіреді. Мұндай топтарға жинақталады:



- ақыл-ой тесттері, танымдық үдерістерді дамыту деңгейін жəне мектеп оқушыларының ойлау қабілетінің қызметін тал-дауда қолданылады;

- қабілеттілік тесттері, мектеп оқушыларының түрлі қызмет салаларын игеру мүмкіндіктерін бағалауға арналған;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет