Тәрбие жұмысының бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық прцестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие , құқықтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбие
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем- эститикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие , ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Бірінші бағыт - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие , құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты, патриотты; тұлғаның
саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін ; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынас арқылы)
-Отанға , мемлекттік құрылысқа , мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
-ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
-елдегі ұлтарлық және конессиярлық келісімге, халқтар достығына;
-өз елінің экономикалық, әлеуметтік - мәдени даму саласындағы жетістіктерге ;
-заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне
- әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезі және жауапкершілкті сезіну
Іске асыру механизмдері
Сабақтар , оқу пәндері, сабақтан тыс әрекеттер , қосымша білім беру. Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу, дебат, пікірталас клубтарын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, ауциялар. Балалар мен жастар қозғалысы қызметін қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру, әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, саяхаттар, ақпараттық –құқықтық материалдар тарату, «Мен және заң», «Біз жемқорлыққа қарсымыз - қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Екінші бағыт – Рухани –адамгершілік тәрбие
Мақсаты :
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және зтикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынас арқылы)
-мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына
-өзінің қасиетіне,арына және парызына
-ішкі бостандығына, адамгершілік шешім қабылдауына
-өзінің және өзге халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына
-діни құндылықтарға
-өзінің мінез-құлқын жетілдіруге
- ар –ұжданмен орындалған қылықтарға
-өз ата-анасына, Отанға, қоғам алдындағы парызына, адамгершілік сезім білдіру
Іске асыру механизмдері
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту, консилиумдар, ата-аналар институты, «Өзін өзә тану» адамгершілік рухани тәрбие бағдарлмасының метапәндік және тәрбиеләк рөлін күшейту, рахани –адамгершілк тәрбие тұрығысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |