9-cынып № 2 БЖБ 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Білім алушы____________________________________________________________________ Оқу мақсаты: 9.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы
жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата
білу, түрлендіру.
Бағалау критерийі Білім алушы
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдаңыз. Балалардың құқын қорғау – бәрінен қымбат. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету – олардың құқығын қорғаумен тікелей байланысты. Ювеналды (балаларға қатысты) соттар жазалауға ғана емес, жас заң бұзушыларды жолға салуға, жасөспірімнің қылмыс жасау себептеріне тереңірек үңілуге бағытталған.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі ұрлау, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстар болып табылады. Бұл санаттағылар көбіне ұялы телефондар, ойын компьютерлері, ақша, киім-кешектерді жымқырып, істі болып жатады. Жасөспірімдер мұндай қылмысты көбіне топтасып жәбірленушіге күш көрсету арқылы жасайды. Сондықтан олардың қылмысы ауыр қылмыс ретінде дәрежеленеді.
Мамандар бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының бірнеше себептерін анықтап отыр. Ең алдымен, отбасының нашарлығы мен жасөспірімдердің бос уақытының дұрыс жоспарланбауынан балалар белдері бесіктен шықпай жатып, қылмыскер қатарынан бой көрсетеді. Тұрмыстық және материалдық сипаттағы проблемалар да, ата-аналар мен оқу орындары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да қылмысқа итермелейтін факторлар болып табылады.
Әдетте, балалар жасаған қылықтарына жауаптылықты сезінуге қабілетсіз келеді. Олар біреудің ықпалына да тез ереді. Сол себепті мамандар жасөспірімді қылмыс жасаудан бойларын аулақ салатындай етіп, қайта тәрбиелеуге болатынын айтады. Жалпы, ювеналды соттың кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерді шешуде мүмкіндіктері көп.