9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар



бет4/4
Дата11.03.2022
өлшемі29,2 Kb.
#135191
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Аритмогенді оң қарыншалық кардиомиопатия:Анықтамасы: оң қарынша миокардының, алғашында типті регионалды, сонан соң оң жəне сол қарыншаның салыстырмалы интектті МЖП глобальді қосумен үдемелі фибромайлық ауысуы, жиі жағдайда бұл тұқым қуалаудың аутосрмды - доминантты типімен жəне пенетранттылықпен жүреді; рецессивті формасы да жазылған.
Клиника: аритмия жəне жүректің кенеттен өлуі, əсіресе жас кезде.


Спецификалық кардиомиопатиялар: Анықтамасы: спецификалық жүректік немесе жүйелік аурулармен бірлесетін, жүрек бұлшықетінің ауруы, олар бұрын жүрек бұлшықетінің спецификалық ауруы ретінде анықталған.
Ишемиялық кардиомиопатия нашарлаған жиырылғыштық қасиеттермен бірге дилатациялық кардиомиопатиямен көрсетілген, коронарлы артерия немесе ишемиялық зақымдану созылмалы ауруларымен түсіндірілмейді.
Гипертензивті жиі жағдайда сол қарыншалық гипертрофиямен бірге жүреді жəне дилатациялық немесе рестриктивті кардиомиопатиялармен жəне жүрек функциясының жеткіліксіздігімен көрініс табады

Себеп жəне асқындыру моментін анықтау:


- миокарддың зақымдануы жəне дисфункция мінезі (систолалық, диастолалық, аралас);
- клапандық аппарат жағдайы (регургитация, стеноздар, ақаулар);
- эндокард жəне перикард өзгерістері (вегетациялар, тромбтар, перикард қуысындағы сұйықтық);
- ірі қантамырлар патологиясы;
- тромбоэмболия себебі.

КАРДИОНЕВРОЗДАР.


Кардионевроздар деп психо жарақаттаушы факторларға байланысты дамитын жүрек тамыр жүйесінің ауруларын айтады.
Кардионевроздардың себептері:
Жүйке жүйесінің қажуы .
Стресстер.
Операциялар.
Интоксикациялар.
Клиникалық белгілері: науқастардың жүрек тұсында жағымсыз сезімдер, аурулар пайда болады, ентігу, шаршау, жүректің жиі соғуы мазалайды. Кардионевроздардың негізгі белгісі болып кардиалгия, қан қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы табылады. Ауру синдромы әртүрлі болып табылады. Аурулар кейде ұстама ретінде
кейде бірнеше күн қатарынан мазалайды. Бұл ауру тері сезімталдығының күшеюімен байқалады, ауру сол жаққа иррадация жасайды. Невроздың кардиалгиясы бар науқастар көп сөйлейді, көп мазалайды. Бұл кардиалгия кезінде нитроглицерин көмек көрсетпейді.
Кейбір адамдарда ол ауру сезімдерін тіпті күшейтеді.
Классикалық стенокардия ауруында нитроглицерин 1-2 мин ішінде көмектессе , бұл ауруда кейде 30-40 мин өткен соң ғана әсерін тигізеді.
Валокардин, валериана, седуксен дәрілерін тәуір көреді. Егер классикалық стенокардия күш түскенде немесе суық, желді күндері дамыса, невроздық стенокардия жазғы күндері , тыныштық жағдайда дамиды. Қатты дем алғанда , тез қимылдағанда ол күшейе түседі.
ЭКГда өзгерістер болмайды, онда нитроглицерин ұстама кезінде көмек көрсетмейді. Түсініксіз жағдайларда коронарография жасайды.
Кардионевроздар кейде жүрек ырғаның бұзылуымен байқалады. Өлімнен қорқу сезімі аритмияны одан сайын күшейтеді. Науқастарда дем алу қиындап демігеді, экстросистолиялар пайда болуы мүмкін. Оларда кейдеартериялық гипертензия немесе гипотония байқалады. Стресс әсерінен қан қысымының жоғарылауы барлық адамдарға да тән қасиет. Кардионеврозды науқаста ол күшті түрде дамыған .Оның белгілері гипертониялық аурудағы гипертензияға өте ұқсас болады. Бірақ оны седативті дәрілермен емдеген жөн. Артериялық гипотония қан қысымнан 100\60 мм с б төмендеуімен көрінеді. Науқастар әлсіздікке , ештеңеге қызықпаушылыққа , есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағым жасайды. Бұл науқастарға ашық күн , жарық шам , қатты дыбыстар жағымсыз әсер етеді. Ол кейде естен тануы мүмкін.
ЕМІ: Науқастармен тіл табысу қиын. Өйткені олар бірден сене қоймайды. Олардың шағымына дұрыс көңіл аударып, түгелімен тыңдау керек. Оларға бірден өміріне қауіп жоқ екенін айтудың қажеті жоқ. Науқастың жағдайы жағсарғанда ғана , оған аурудың функционалды мінезді екенін түсіндіру керек . Дұрыстап әңгілесу, көңілін аулау жағдайының жақсарғанын есіне салу- Бұның барлығы психотерапия болып саналады. Кейде дәрілік ем қолданған дұрыс. Ашуланғыш , қорқу , тынымсыз жағдайларда транквилизаторлар , седативті дәрілер қолданған жөн. ( седуксен, реланиум, амитриптиллин.). Депрессия кезінде стимулация жасайтын триксозин, седуксен дәрілерінен аз дозада беруге болады. Жүрек соғу жиілесе , құрамында жүрек гликозиді бар өсімдіктерден жасалған дәрілер беріледі. Долана экстраты, ландыш тұнбасы.
Экстрасистолия кезінде транквилизаторлар,көмектеспесе антиаритмиялық дәрілер береді.Тахикардияда В-адреноблокаторларын (обзидан)береді. Физиопроцедуралар:булаулар(О2,родон,маржанды)электроұйқы,акупунктура жасау керек. Саноторлы-курорттық ем жүргігу үшін Кисловодск,Крым климаты өте дұрыс келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет