Әртүрлі жүйелердің патологиясы бар науқастарды, мүгедектерді бақылау және күту.
Психикалық аурулардың ерекшеліктерінің бірі – оның медициналық (дәрігерлік) емес, әлеуметтік негізге сүйенетіндігі. Кез келген психикалық, әсіресе мүгедек болуға апаратын ауытқулар өз ортасына науқастың тек өзін ғана емес, сонымен бірге оның отбасын да көптеген факторлар арқылы тәуелділікке алып барады: дәрігердің біліктілігі, мемлекет ұстанымы, қоғамдық пікір және т.б. жолдармен. Ксро заманында, біршама уақытқа дейін тәуелсіз Қазақстанда да рухани ауыратын пациенттерге қамқоршылдық (патерналистік) тәсілдің басым болуы қалыптасқан болатын. Бұл тәсіл бойынша дәрігерлердің сөзі шешуші болып келді. Қазіргі уақытта бұл теориялық көзқарас сапалық тұрғыда өзгерді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция секілді жетекші «психиатриялық» ірі мемлекеттерде психиатр, пациент және оның отбасы арасындағы серіктестік қарым-қатынас белсенді дамып, бекуде.
Науқас пен оның отбасының және терапевтің екеуінің арасындағы қарым-қатынаста тиімді ем алу, оның үстіне психикалық ауруды толығымен жеңіп шығу пациенттің және оның отбасының қатысуынсыз мүмкін емес екені дәлелденген және күмән туғызбайды. Алайда, бұндай серіктестік тараптардың теңдігін, тең мағыналылығын ғана меңзейді, сондықтан елімізде халықтың өз денсаулығына деген азаматтық жауапкершілігін ғана емес, сонымен бірге денсаулығына деген құқығын сезінудің іргетасы болып табылатын медициналық (қолжетімді деңгейде) құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Бұл бағыттағы ақпараттардың тобықтай түйіні ретінде осы жинақ, егер отбасының бір мүшесі психикалық дертке душар болған кезде қажетті болатын нормативтік-құқықтық, медициналық және ақпараттық жағдайлар туындаған жағдайларда сенімді көмекші бола алады деген ойдамыз. Басылымда әртүрлі мамандық иелерінен ақпарат ұсынылған.
Оларды бір нәрсе біріктіреді – олар рухани науқас азаматтардың бетпе-бет келетін оқиғалары мен проблемаларына немқұрайлы қарамайды. Сондықтан адамдарға психикалық аурудың «үкім» емес екенін және оны емдеу барлық кезде мүмкін болмаса да, оның (аурудың) «өмір сүруге кедергі келтірмейтіндей» әрекет етуге болатындығы дәлелденген пайымдауларды адамдарға жеткізу - аталған кітаптың шешетін міндеттерінің бірі болып табылады. Ол үшін өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп бойынша барынша ерік, күш-жігер жұмсау қажет. Өзара көмек көрсету топтарын және қоғамдық бірлестіктерді құру қажет. Солардың құрамында болып, сондай-ақ мамандармен біріге отырып, өз ауруының салдарын жеңіп қана қоймай, сонымен бірге басқа да мұқтаж жандарға тиімді қолдау көрсетуге болады. Ауру, дәрі-дәрмек туралы көбірек білуге, мамандарға сұрақтар қойып, оларға түсінікті жауап беруді талап етуге ұмтылу қажет, заң бойынша ненің тиесілі және мемлекет тарапынан ненің кепілдендірілгенін және өз қажеттіліктерін қай кезде қатты айту керектігін білу қажет. Авиценаның науқасқа айтқан: «Біз үшеуміз: сен, мен және ауру. Сен қай жаққа шықсаң, сол жақ жеңеді» деген сөздерін ұмытпау керек.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы психикалық және жүйке ауру - лары бар адамдардың хал-жағдайы дамыған елдердің нормалары мен көрсеткіштеріне сай келмейді. Ментальды және психикалық ауытқушылықтары бар 18 жастан асқандарды тек қоғамға ғана емес, сонымен бірге оларды отбасына, әлеуметтік ортаға бейімдеумен айна - лысатын баламалық қызметтерді құру және енгізу мәселесі «ұрықтану» жағдайында деуге болады. Бұл мәселемен көбінесе отбасы бір өзі ғана айналысады, әбден шаршаған кезде ғана олар өздерінің сүйікті жандарын дәрігерлік,әлеуметтік меке - мелерге жіберуге мәжбүр болады.
Тіреу болатындар бізге әрдайым қажет, ал қоғам оларды өз ортасына қабылдағысы келмеген кездерде олардың отбасылары үшін ол көбірек керек. Өмірге бейімдеу педагогикасы саласындағы маман және Даун син - дромы бар асыранды қыздың анасы ретінде айтарым: аталған жинақ қолжетімді ақпаратқа мұқтаж жандар үшін көмекші құрал болуы тиіс. Жинақта дамуында ерекшеліктері бар адамдарға дұрыс шешім қабылдауға, серіктестер мен жақтастарды табуға, өзінің тірек нүктесін іздеуге көмектесе алатын материалдар жинақталған. Психиатрия саласындағы мамандардың мақала жарияланымдары және отбасында өз баласының дамуындағы проблемамен күнделікті бетпебет келетіндерге ұсыныстар бүгінгі таңда тапшы болып отыр, оңай қолжетімділікте табу қиын. Өкінішке қарай, проблемаға тап болған адам - дар дұрыс ақпаратқа ие емес, кейде кімге өтініш білдіретіндерін және қалыптасқан өмірлік қиын оқиғалардан шығар жолды білмей жатады.
Когнитивтік немесе мінез-құлық саласындағы проблемалар жайында дұрыс және қолжетімді ақпарат беру маңызды. Көбінесе «көпшіліктің» пікірі білімсіздік пен надандықтан (мысалы, Даун синдромы – бұл ақылестің артта қалушылығы), қоғамның балалардың даму және тәрбиелеу проблемаларына жағымсыз көзқарасынан негіз алады. Менің пайымдауымша, ақпаратты жасыруға болмайды. Баланың дамуы туралы шындықты білген жақсы, сол кезде өз өміріңде көп нәрсені өзгертуге болады және ең бастысы, баланың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, оны ашық-жарқын етуге болады. Елімізде мүмкіндіктері шек - телген көптеген балалар өздерінің негізгі ауруына қосымша дамудағы екінші, кейді тіпті үшінші ақауларға ие болып жатады және оған көп уақыт, қаражат және мамандар командасының күш-жігері жұмсалады. Көбінесе, бұл ақпараттың жоқтығынан және ата-аналардың «сиқырлы» таблетка іздеуге уақыт жоғалтуынан болады.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын іске асыру кезінде туындайтын қарым-қатынас, сонымен қатар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңымен, Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен регламенттеледі. Біздің ішкі заңдарымыз мүгедек жандарды, оның ішінде психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар адамдардың денсаулыққа және әлеуметтік қорғауға деген құқығын заңмен толық қамтамасыз ететін болып көрінеді. Дегенмен, мәселеге тереңірек үңілсек. Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (МҚК) ең бастысы мүгедектердің құқықтарының қорғалуы мен бостандықтарының сақталуындағы тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді, әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық бұл саясатты толықтырады. Мүгедектерге әлеуметтік, құқық қорғау тұрғысынан бағытталған көзқарас негізінен алғанда оларды өмірден шеттетуден қорғауға және оларды қоғамдық өмірге қосуға бағытталған шараларды қамтиды. Осылайша, МҚК барша мүгедектердің барлық адами құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық қамтамасыз етуді және тең жүзеге асыруды, ынталандыруды, қорғауды, сондай-ақ қадір-қасиетін құрметтеуді мақсат етеді. МҚК концепциясына сәйкес, мүгедектерге мына кісілер: өмір тосқауылдары жолында кездескен кезде қоғам өміріне басқалармен бірдей тең дәрежеде қатыса алмайтын, тұрақты дене, психикалық, интеллектуалдық немесе сенсорлық кемістігі бар тұлғалар жатады.
Мүгедек адамдар арасында психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар адамдар ерекше орын алады. Психикалық аурулар ежелден мистикалық қорқынышпен, естен танумен, қиялдармен, әртүрлі сенім-нанымдармен ерекшеленеді. Өкінішке орай, бүгінгі 21 ғасырда, психикалық және менталдық проблемалары бар адамдарға қатысты қоғам тарапынан теріс стереотиптік көзқарас және шеттету мысалдары жиі кездеседі. Психикалық және мінез-құлықтық аурулардың жүздеген түрлерінің болуына қарамастан, олардың абсолюттік көпшілігі сәтті емделеді немесе дұрыс терапия есебінен қалпына келтіріледі, кез келген адамның мінез-құлқы немесе реакциясы шартты нормалардан ерекшеленсе, адамдар ондай кісілерге кеміс деген сөзді жапсыра салуға бейім.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) статистикасы бойынша, әрбір 4-ші адам өмір жолында психикалық проблемаларды басынан өткереді; халықтың 10% қандай да бір психикалық аурулардан зардап шегеді, ал 10 жыл өткеннен кейін бұл көрсеткіш 15%-ға жетеді. Ал, бізде, Қазақстанда бұл көрсеткіш бүгінгі таңда 1,1% деңгейінде, бірақ бұл біз немесе біздің жақындарымыз біздің психикамызға байланысты бұл көмекке зәру емес деп айта аламыз ба? Менің ойымша, жоқ. Бұл факт, біздің психикалық және мен тальды денсаулығымызға жеткілікті дәрежеде ұқыпты қарамайтынымызды дәлелдейді, проблема айқын болғанда, ауқымды шаралар қажет еткен кезде, тек ауруымыз асқынған кезде ғана мамандарға жүгінеміз.
Біздің мемлекет мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялағаннан кейін, барлық азаматтық, экономикалық, саяси құқықтарын және бостандықтарын жүзеге асыруға құқығы бар психикалық аурулары бар адамдарды қоса есептегенде, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қатысты белгілі бір міндеттемелерді өз мойнына алды. Психикалық денсаулықты сақтаудағы құқық қорғау тәсілі, емдеу және оңалтудағы маңызды шешуші сәт пациенттердің ақпараттандырылған келісімшарты болуын көздейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қызметін деинституализациялау мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Алматы қаласындағы психоневрологиялық интернатының тәрбиеленушілерін біртіндеп өз бетімен өмір сүруге дағдыландыру процесі басталды. Стационарларды қысқарту, көмек көрсетудегі баламалық қызмет түрлерін дамыту, психикалық ауытқулары бар адамдарды қолдау, оқыту, күтушімен бірге тұру, жұмысқа тұрғызу бойынша жекелеген шаралар қарастырылуда. Бірақ бұл іс-шаралар бірлі-жарым ғана түрде орын алған, пилоттық десек те болады, жүйелілік жоқ, мұндай күрделі үрдіске мемлекет тарапынан стратегиялық қадам жасалынбаған.
Әйтседе, көп жағдайларда психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар адамдар, арнайы әлеуметтік мекемелерде тұратын науқастар, аурудың ауырлық жағдайына және диагнозына қарамастан, МҚК кепілдік берген еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау құқығынан айырылған. Психиатриялық көмек көрсету жүйесі әлі де көп дәрежеде стационарлық емдеуге бағытталған, психиатриялық ауруларды мәжбүрлеп емдеу көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр, ал дамыған елдерде мәжбүрлеп емдеу тиімсіз деп танылады және ушықтыратын стигматизация және психикалық проблемалары бар адамдарды кемсітушілік ретінде қаралады. Әрине, біз мәжбүрлеп емдеуден толығымен бас тартпаймыз, бірақ ойымызша, бұл аса шиеленіскен ерекше жағдайларда ғана қолдануға болады деп ойлаймыз. Меніңше, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы қамқоршылық пен жанашырлық институтын, заңнамалық түрде адамды әрекетке жарамсыз деп тану рәсімі қайта қарауды талап етеді. Әрине, қамқоршылық пен жанашырлық әлеуметтік-құқықтық институты, бастапқыда адамға, оның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Бірақ адамның барлық құқық дәрежесінен айыру, өміріне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға, мақсаттары мен мүдделеріне қарама-қайшы шығуы мүмкін. Әсіресе, бұл психикалық аурулары бар адамдарға қатысты.
Оқылатын шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормалары. Фонетика: шет тілінің айту және ырғақты интонациялық ерекшеліктері, сөйлеудің дыбыстық жүйесінің рецепциясы және репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық қағидалар. Лексика: сөз құрау үлгілері; базалық тілдің 2500 бірлігі көлеміндегі, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін терминдердің лексикалық минимумы; қолдану салалары бойынша лексикалық екшеленуі. Грамматика: сөйлеудің негізгі бөліктері – зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, демеулік жай және күрделі сөйлемнің құрылымы; сөз құрастырудың негізгі үлгілері. Оқу: танысу, іздену, зерделеу және қарап шығып оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу: оқылатын тақырыптар шегінде диалогтық және монологтық сөйлеу дағдылары. Жазу: жеке және іскери сипаттағы шығармалар мен хаттарды жазу кезінде ақпараттарды біртіндеп жазу дағдыларын дамыту. Мамандық бойынша тілдік нормаларға сәйкес мәтіндерді шет тілінен қазақ (орыс) тіліне аудару. Аудирлеу: тұрмыстық, ақпараттық, және кәсіптік сипаттағы хабарламаларды естіп қабылдау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Есептік жүйелердің архитектурасы. Компьютерлік архитектураның дамуы. Жоғары өндіруші есептік жүйелер. Мобилді тұғырнаманың шолуы. Операциялық жүйелерге кіріспе. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруға шолу. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Графикалық редакторлар. Ақпараттар базасын басқару жүйесі (бұдан әрі – АББЖ). АББЖ анықтамасы және функциясы. АББЖ негізгі архитектуралық шешімі. АББЖ ақпараттар моделдері. Динамикалық және статикалық парақтар. Адам-машина қарым-қатынасы. Қолданушылық интерфейс. Жүйелік технологиялар және телекоммуникация. Ақпараттық қауіпсіздік және оның жіктеуіші. Ақпараттың қауіпсіздік кауіпі және оның жіктеуіші. Ақпаратты қорғау шаралары мен құралдары. Кәсіби саладағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық ресурстардың қорғалуы. Ақпараттық жүйелер. Мультимедиялық технологиялар. 3D дизайн. Мультимедияның негізгі түсініктері. Индустриалды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Компоненттер мен жүйелердің жаңа буыны. Алдыңғы қатарлы бағдарламалау. Электрондық үкімет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Электрондық білім беру. Smart технологиялар. Жасанды интеллект жүйесінің даму перспективалары. Робототехника. Ақылды үй, ақылды қала. Smart Board құралдары. Сурет салу инструменттері. Мәтін үшін құралдар.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы, құрылымдық изомериясы. Химиялық байланыс және органикалық қосылыстардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылысы. Органикалық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиеттері. Алкандар. Циклоалкандар. Алкендер, диендер, алкиндер. Моноядролы арендер. Конденсирленген арендер. Галогенкөмірсутектер. Көмірсутектердің гидрокситуындылары және олардың тиоаналогтары. Жай эфирлер және сульфидтер. Аминдер. Диазо қосылыстар. Азобояғыштар. Альдегидтер және кетондар. Карбон қышқылдары. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. Дикарбон қышқылы. Көмір қышқылының туындылары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Галоген-, гидрокси- және оксоқышқылдар. Аминоқышқылдар, пептиндер, ақуыздар. Моносахаридтер. Олигосахаридтер және полисахаридтер. Бір және екі гетероатомдары бар алты мүшелі гетероциклдер. Конденсирленген гетероциклдер. Алкалоидтар. Липидтер. Сабындалатын липидтер. Триацилглицеридтер, фосфоглицеридтер. Сабындалмайтын липидтер. Терпеноидтер. Стероидтер.
Ботаника пәні. Ботаниканың бөлімдері. Өсімдіктер – жер бетіндегі тіршілік көзі. Биосфера. Табиғаттағы заттардың айналымы. Ботаниканың фармация үшін мәні. Республикамыздың әртүрлі өңірлеріндегі флораны зерттеудегі қазақстандық ботаник-ғалымдардың үлесі. Өсімдік ағзасының тіршілігі мен құрылысының негізгі құрылымы. Жасуша туралы ілім. Цитология негіздері. Өсімдіктердің физиологиясы мен анатомиясы. Өсімдік ұлпалары, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің вегетативтік мүшелері, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің морфологиялық топтары. Өсімдіктің өсуі, дамуы және көбеюі. Өсімдіктердің жүйесі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Споралылар. Архегониалдылар. Жабық тұқымдыларды жүйелік шолу. Қосжарнақтылар класы. Даражарнақтылар класы. Өсімдіктер географиясының негіздері.
Дәрілік өсімдіктер, олардың ботаникалық белгілері. Дәрілік өсімдіктердің және дәрілік өсімдік шикізаттарының (құрамындағы биологиялық белсенді заттар бойынша) номенклатурасы. Фармакогнозияның дамудың заманауи кезеңіндегі міндеттері. Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау әдістері. Құрамында терпеноидтар, дәрумендер, гликозидтер, алкалоидтар және басқа да биологиялық белсенді заттары бар әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, макро-, микроскопиялық, тауарлық талдау жүргізу туралы жалпы ұғымдар. Жинауды, кептіруді, қайта өндеуді ұйымдастыру. Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. Дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативтік құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі. Құрамында полисахаридтер, майлар, дәрумендер, терпеноидтар, алкалоидтар, ащылар, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенол қосылыстары, флавоноидтар, дубильді заттар, кумариндер, хромондар, антрацентуындылар бар дәрілік өсімдік және шикізат. Дәрілік ресурстану. Картографиялық және басқа да материалдарды дайындау. Ресурстық зерттеулер: өсу аймағын табу, картирлеу, қорларын анықтау.
Дәрілер технологиясының жалпы мәселелері. Дәрілер технологиясы ғылыми пән ретінде. Дәрілер технологиясының дамуы туралы тарихи мәліметтер. Биофармация жалпы мәліметтер және оның дәрілер технологиясының теориясы мен практикасы үшін мәні. Дәрілік препараттарды мемлекеттік нормалау. Дәрілік заттар. Дәрілік нысандардың жіктемесі. Дәріханалық практикада қолданылатын ыдыс және тығын материалдары. Дәрілердің дәріханалық өндірісіндегі масса және көлем бойынша өлшеу. Қатты дәрілік нысандар. Сұйық дәрілік нысандар. Жұмсақ дәрілік нысандар. Зарарсыздандырған және асептикалық дайындалатын дәрілік нысандар. Дәрілік заттардың қиын және келіспейтін үйлесімдіктер. Арнайы мақсаттағы дәрілік препараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |