9 декабря 2016 года астана 2016


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті



бет14/34
Дата31.12.2019
өлшемі8,51 Mb.
#54337
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Баршамызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бүгінгі форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін осы аренаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, барлық өңірлерінен этномәдени бірлестіктері жүрегінде патриоттық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі – бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық, осының арқасында 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея осы қасиетті тірегіміздің мызғымас тұғыры. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір. Біздің тағдырымыз ортақ. Отанымыз ортақ. Мәңгілік еліміздің гүлдене беруіне бәріміз бірге еңбек етеміз. Осы жолда зор табыс тілеймін.
Қиын қыстау кезеңде Қазақ елі өзге жұртты жатсынбай, шетқақпай, жылы қарсы алды. Олардың еркін өмір сүруіне жағдай жасады. 1995 жылы Елбасының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы бой түзеді. Сол уақыттан бері еліміздің барлық өңірінде өзге ұлттардың 1032 орталығы ашылды.
Өз тілі мен ділін құрметтуге мүмкіндік молая түсті. Бұл қамқорлық олардың Қазақ елін жанымен сүюге үйретті. Дархандығы даладай қазақ елінен басқа бірде-бір мемелекет бұндай қадамға бармады. Оны да Ассамблея мүшелері жақсы түйсінді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мир, согласие, стабильность наше золотое достояние. Это главное сокровище всех 25 лет независимости. Государство постоянно и широко поддерживает все этнокультурные объединения, финансирует школы для детей, обучают родному языку. Наши газеты и журналы говорят на 15, театры на 7-ми языках. В Казахстане это настоящая реальность, чего нет в других странах.
Тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір өзге ұлттарға қашанда қамқорлық мол. Бүгінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жиында Елбасы кәріс, ұйғыр, неміс театрларына академиялық атақ беріп, жұмыстарынының жаңа тынысын ашатынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сегодня на этом фестивале я объявляю о своем решении присвоить трем нацтеатрам: корейскому, немецкому, уйгурскому статус академических театров страны. Убежден, что это откроет новый этап в развитии всего театрального искусства нашей страны. Поздравляю коллективы с этим замечательным успехом. Желаю больших творческих успехов.
Елбасы осы жылылықтың бәрі болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқанын айтты. Игі іс келшекке үлгі болуы керек екенін де еске салды.
Сондықтан кемел келешекте өмір сүру үшін еңбек етіп, елді шын сүюге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Обращаясь к молодым хочу сказать, трудитесь честно во имя процветания нашего Казахстана, любите родину, цените и поддерживайте друг друга. Цените нашу сплоченность и доверие каждого человека друг к другу.
25 жыл бейбітшілік пен келсім шарасының концерттік бөлімін Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әні ашты. Бұл шығарманы үш буын өкілдері шырқап, ұрпақтар сабақтасығын көрсетті.
Ассамблеяның мүшелері өз елдерінің билерін сахналады. 11 ұлттың биіне көпшілік қызыға қарады. Қамқорлықты қағида еткен Ассамблея осы уақытқа дейін науқас адамдардың аяққа тұруына жәрдем етті. 6 миллиардтан аса қаржының көмегімен 595 мың адамның сауығуына себеп болды.
Сондай көмек көрген ананың бірі – Айнаш Сағындықова. Ана көптің алдында баласының болашағына үмітпен қарайтынын жеткізді.
Айнаш Сағындықова, көпбалалы ана

-Ассамблеия жанына ұйысқан меценаттар мұндай іспен бұрыннан айналысып келеді. Елдің барлық отбасы бақытты өмір сүру үшін мұндай қадам жалғасады. Оны Бекзат Қомарұлы айтты.
Бекзат Қомарұлы, меценат

-Ұлы даланың мұраттарына, ұлы даланың заңдарына, ақ ниетпен қабылдап, қайырымдылықты мұрат еткен барша азаматтардың атынан қайырымды елдің, қайырымды Елбасына алғысымызды білдіргіміз келеді. Аман болыңыз.
Елбасы Павлодар облысына жасаған сапарында Алексей Лодочников «Балқадиша» әнін шырқаған еді. Сол уақытта Нұрсұлтан Назарбаев домыбыра ұстаған жасқа Тәуелсіздік тойына шақыратынын айтқан. Бүгін ол қазақ эстрада өнерпаздарымен сол әнді нақышына келтіре тағы шырқады.
Жиын соңында «Атамекен» әні шырқалды. Бұл 130-дан ұлт пен ұлыс өкілдерінің атамекені Қазақстан екенін білдерсек керек. Расымен олардың отаны Қазақстан.

Глава государства принял участие в Республиканском фестивале АНК

http://khabar.kz/ru/news/politika/item/70235-glava-gosudarstva-prinyal-uchastie-v-respublikanskom-festivale-ank



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет