дұрыс па немесе ӛзара жол беру (жұмсақ) қажет пе, жоқ па деген
сұрақ туындайды.
«Қатаң саудаласу» стратегиясы ілімінің негізін қалаушылар
– америкалық зерттеушілер С. Сиджел мен Л. Фурекер. Олардың
пікірінше егерде бір тарап жеңілдік жасаған сайын екінші жақтын
ұстанымы қатаң бола бастайды. Бұл стратегияны қолданатын
қатысушылар келісімге келуде қарсы жақты жеңілдік жасауға
кӛндіру үшін мәжбүрлеу әдісін қолданады.
Бұл әдіс ымырасыздық
ұстанымды берік ұстайды. Нәтиже – ӛзара тиімді келісімдер арқылы
емес, ымыраға келумен шешіледі. Қатаң сауда толығымен шексіз
жеңіс немесе ештеңе емес. Кінә тағу, күштеу, мәжбүрлеу, қысым
кӛрсету – мұның барлығы қатаң саудаласуға қатысты. Оның мәні –
қалай да әріптестерін кӛндіру.
Америкалық ғалым Т. Шеллинг «Қақтығыстар стратегиясы»
атты еңбегінде қатаң айла-шарғылардың кӛмегімен келіссӛздер
жүргізу тәсілдерін жан-жақты сараптаған. Тараптар
Достарыңызбен бөлісу: