елдермен келісімге келетіндігін алға тартуы, нәтижесінде екіжақты
келісімге келумен аяқталған болатын.
Әріптестердің бір-бірінен жеңілдік жасауды талап етуде ұзаққа
созылған және әбден зеріктірген тайталастық келіссӛздерінен
кейін де ымыраға келуі мүмкін. Мұндай келіссӛздерден соң әр
әріптестерде келесі келіссӛздерге қатысты жағымсыз пікір қалады.
Саудаласу әдістері мүдделер тепе-теңдігін бұзады және тараптар
теңсіз шешімдер түріне тап болады. Кейбір кездері кездейсоқ
жайттар да шешуші әсерге ие болады, мысалы, әлсіз әріптестердің
табандылығы, ашық қатаңдылығы. Нәтижесінде қуатты әріптестерде
қанағаттанбаушылық сезім қалады, мүмкін келешекте келіссӛздер
алаңында сол тұлғалардың қайта кездесуі де ғажап емес. Тәжірибелі
саясаткерлер мен дипломаттар қандай сәттерде қатаң саудаласу
әдістерін қолдану қажеттілігін жақсы біледі. Мысалы, тараптар
келіссӛздердің жалғастығын қаламаған жағдайда, келісімге қол
қою келіссӛздің негізгі мақсаты болып табылмағанда, қуаттылығын
насихаттағысы келгенде, саяси ойынның бәсекесі тым жоғары
болғанда – «барлығы немесе ештеңе», әріптесіңіз ӛте әлсіз болған
сәттерде, жаман атаққа ілінуден қаймықпаған жағдайда қатаң
саудаласу да жиі кездеседі.
Халықаралық келіссӛздерде қатаң саудаласудың баламасы
ретінде «жұмсақ саудаласу» тұжырымдамасы ұсынылды. Оның
авторы ретінде Ч. Осгуд «жұмсақ саудаласу» стратегиясының нәтижесінде
үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын алға тартты.
Бұл стратегияны қолданғанда ең бастысы жағдайды шиеленістірмей
келісімге келу. Кейбір сәттерде тараптар бір-біріне оңайлықпен
жол беріп, қарама-қайшылық туғызуы мүмкін күрделі мәселелерді
қозғамауға тырысады. Бұл стратегияның
жұмсақтық белгісі
қатынастарды
жеңіліссіз келіссӛздер» еңбегі 30-дан астам елде жарық кӛрді.
Келіссӛздер жүргізу тәжірибесінде таза саудаласу не таза
әріптестік арқылы келген келісім жоқ десек те болады, ол екеуі де
бір уақытта қолданылады. Қақтығыс кезінде тараптар оқ жаудыруды
тоқтатуда саудаласуды жүзеге асырса,
болашақ ынтымақтастық
жобаны құрастыруда кӛбінесе, келісімге келудің әріптестік жолы
қолданылады.
Р. Фишер мен У. Юри үш стратегияны жан-жақты сараптап,
нақтылы сипаттама берген:
Достарыңызбен бөлісу: