9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»


Үшінші – Ресми билік ауыр қырғындарды жасыру үшін белігілі дәрежеде формалды санақтар өткізді немесе халықты көбейтіп көрсетті. Төртінші



бет5/7
Дата30.11.2022
өлшемі39,28 Kb.
#160480
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 дәріс-2023

Үшінші – Ресми билік ауыр қырғындарды жасыру үшін белігілі дәрежеде формалды санақтар өткізді немесе халықты көбейтіп көрсетті.

  • Төртінші – Босып барып басқа халықтарға сіңіп кеткендердің саны да бірнеше миллионға жетуі мүмкін.

    Ашаршылық. Қырылған қазақтың саны қанша? Саяси баға қашан беріледі? | informburo.kz
    1930–1932 жыл­да­ры Қазақстан­ды әйгілі ұлы жұт аш­тық жай­ла­ды.
    1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады. 1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған әлгі Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, ол шын мәнінде жалғыз әділетті айыпталған халықтың шынайы жауы еді. Сөйтіп, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды. Солайша көріңде өкіргір жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты.
    Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.
    Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
    Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
    Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру.Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
    1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
    2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
    3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
    4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет