9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»



бет1/7
Дата30.11.2022
өлшемі39,28 Kb.
#160480
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 дәріс-2023


9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
1.Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
2.Қазақстандағы индустрияландыру саясатының ерекшеліктері. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары.
3.Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Осыдан 86 жыл бұрын, 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді. 1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.
(Голощёкин(9.3. 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) 1938 жылы “халық жауыретінде изоляторда тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге атылды. Кейіннен 1961 жылы ақталды. ). 1941 жылы 27 қарашада атылды. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты:
1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту;
2) өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет