№9 дәріс Сүт арқылы жұғатын аурулар


Атмосфераға физико-химиялық процестің есебінен СО2 мөлшері түсіп отырады. Сонымен бірге жоғарғы және төменгі сатыдағы жануарлардың тыныс алуы атмосфераға түсетін көміртегінің жалпы 10℅ мөлшерін құрайд



бет2/3
Дата06.05.2024
өлшемі1,85 Mb.
#201828
1   2   3
Байланысты:
Дарис-7 Көміртегі айналымы (копия)

Атмосфераға физико-химиялық процестің есебінен СО2 мөлшері түсіп отырады. Сонымен бірге жоғарғы және төменгі сатыдағы жануарлардың тыныс алуы атмосфераға түсетін көміртегінің жалпы 10℅ мөлшерін құрайды.

  • Көміртегі айналымы жасыл өсімдіктердің СО2 сіңіруі және автотрофты микроорганизмдердің бекітуі (фиксациясы) арқылы іске асады. Жер шарында көміртегі диоксидінің тепе-теңдігін және айналуын қамтамасыз етуде микроорганизмдердің маңызы орасан зор. Органикалық заттар минералданғанда, олар өсімдіктер фотосинтез үрдісінде пайдаланатындай мөлшерде көміртегі диоксидін түзеді. Құрамында көміртегі диоксидінің көп мөлшері жиналған бор, әктас, кораллдардың жер қыртысында шөгінді жыныстары түрінде кездеседі.

Тірі организмде көміртегінің құрамы (құрғақ затқа шаққанда):

  • судағы өсімдіктер мен жануарларда 34 – 40 %;
  • құрлықтағы өсімдіктер мен жануарларда 45–46 %;
  • бактерияларда 54 % болады.
  • Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмірқышқыл газына айналады.

Қорыта келгенде:

  • Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т. б. айналады, одан өсімдіктерді қорек ретінде пайдаланатын тірі организмдерге ауысады.
  • Шіру, жану және тыныс алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органикалық немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмірмұнайәктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.

Көміртегінің анаэробты ыдырауы

  • Көміртегі айналымының қосымша циклі анаэробты топырақ микроорганизмдерімен іске асады. Олардың кейбірі (метанобактериялары, метанококктер және кейбір клостридиилер) топырақтың ылғалды жағдайында СО2 метанға (СН4) айналуын қалпына келтіреді. Басқалары, керісінше, метанды көмірқышқылына тотықтырады (метаномонас, псевдомонас).
  • Табиғаттағы көміртегі айналымының және бір кезеңі – ашу үрдісі саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет