9 Жұмыс полиэтиленнің механикалық Қасиеттерін зерттеу теориялық материал



бет2/3
Дата12.12.2021
өлшемі38,38 Kb.
#99716
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
№9 жұмыс. Полиэтиленнің механикалық қасиеттерін зерттеу (2)

Жұмыстың сипаттамасы

Жұмыстың мақсаты:

- әр түрлі температураларда кристалды және аморфты полимерлердің кернеу-деформация қисықтарын алу


Материалдар:

Үлгілер: полиэтилен, полидиметилсилоксан


Қажетті құрал-жабдықтар:

Термокамерасы бар әмбебап сынақ машинасы

Штангенциркуль
Жұмысты жүргізу тәртібі

Сынақ алдында тәжірибе үшін үлгілер дайындалады, олар 1-суретте және 1-кестеде көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс. Үлгілердің жұмыс бөлігінің ені мен қалыңдығын кемінде үш жерден, 0,01 мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшейді және көлденең қиманың ауданын есептейді және оның базасы мен қармау жиектерінің жағдайын шектейтін қажетті белгілерді (үлгілерді зақымдамай) салады (1-кесте).

Созылу сынақтарын бөлме температурасында (20±2ºС) және 40±2ºС, 100±2ºС температураларда термокамерасы бар әмбебап сынақ машинасында жүргізеді.

Үлгілер қысқыштардың жиектерінің орнын анықтайтын белгілер бойынша сынақ машинасының қысқыштарына бекітіледі, осылайша қысқыштардың бойлық осьтері мен үлгінің осі бір-біріне және жылжымалы қысқыштың қозғалыс бағытына сәйкес келеді. Сынақ барысында үлгінің шығып кетпеуі үшін, бірақ бекіту орнында оның бұзылуы болмайтындай қысқыштарды біркелкі қатайтады. Содан кейін термокамераны қосады, тәжірибе температурасын контроллер арқылы орнатады және үлгілерді 15 минут бойы термостаттайды. Сынақты жүргізу жылдамдығы 20 мм/мин орнатылады. Бағдарламаның көмегімен машинаны қосады да, содан кейін үлгіге жүктеме түсіре бстайды, жүктеменің шамасы сынақ машинасының компьютер экранында көрсетіліп тұрады.

Жұмыстың орындалуы келтірілген бейнежазба edpuzzle.com парақшасында жүктелген. Бейнежазбаны көру барысында жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беру керек.


1-сурет. Созу арқылы сынауға арналған үлгінің пішіні
1-кесте. Сынақтарға арналған үлгі параметрлерінің сандық мәндері


Үлгілердің өлшемдері, мм

Үлгі

1

Жалпы ұзындық l1, кем емес

115

Үлгідегі қысқыштар жиектерінің орналасуын анықтайтын белгілер арасындағы қашықтық, l2

80±5

Жұмыс бөлігінің ұзындығы l3

33±1

Есептік ұзындығы l0

25±1

Бастиектің ені b1

25±0,5

Жұмыс бөлігінің ені b2

6±0,4

Қалыңдығы h

2±0,2

(от 1 до 3)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет