9 Жұмыс полиэтиленнің механикалық Қасиеттерін зерттеу теориялық материал



бет3/3
Дата12.12.2021
өлшемі38,38 Kb.
#99716
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
№9 жұмыс. Полиэтиленнің механикалық қасиеттерін зерттеу (2)

Алынған мәндерді өңдеу

1. Алынған нәтижелерді координаттарындағы қисық түрінде келтіреді, мұндағы шартты кернеу, ол түсірілетін жүктеменің (F) үлгінің созылғанға дейінгі көлденең қимасының ауданына (S0) қатынасына тең; салыстырмалы ұзару, үлгінің ұзындығының өзгерісінің (Δl) бастапқы ұзындығына (l0) қатынасына тең. Графикті тұрғызуға арналған мәндер 2-кестеде келтірілген:


2-кесте


Полиэтилен

Полидиметилсилоксан

, МПа

, %

, МПа

, %





































 

2. Кернеу-деформация қисықтары бойынша кристалды полимерлер үлгілері үшін қайта кристалдану кернеуінің мәндерін (қ) және аморфты полимерлер үлгілері үшін мәжбүр эластикалылық шектерін (м) анықтайды. Тәжірибенің шарттары мен нәтижелері 3-кестеге енгізіледі:


3-кесте.


Үлгі

Тәжірибе температурасы, ⁰С

Үлгіні созу жылдамдығы, мм/мин

қ (м)




































3. Әр түрлі полимерлер үшін алынған қисықтарының түрін талдағаннан кейін, алынған қ және м шамаларының температураға тәуелділіктерін түсіндіру.


Жұмысты тапсыру барысында ауызша қойылатын сұрақтардың мысалдары:

1. Полимерлер қандай агрегаттық, фазалық және физикалық күйлерде болуы мүмкін?

2. Полимерлердің аморфты және кристалды фазалық күйлерінің арасындағы айырмашылық қандай?

3. Аморфты полимерлердің молекуладан ірі құрылымын сипаттаңыздар. Аморфты сызықты полимерлердің физикалық күйлері.

4. Кристалды полимерлердің молекуладан ірі құрылымдарының түрлері. Кристалды полимерлерге қандай ерекше қасиеттер тән?

5. Сызықты аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтары, жоғары эластикалық деформацияның ерекшелігі. Полимерлердің үш физикалық күйі.

6. Шынылану және аққыштық температурасы дегеніміз не және оларды анықтау әдістері қандай? Аморфты полимердің молекулалық массасының оның шынылану және аққыштық температурасына әсерін негіздеңіз.

7. Жоғары эластикалық деформацияның термодинамикасын түсіндіріңіз.

8. Кристалды полимерлер үшін кернеу-деформация қисықтарын қолдана отырып, қайта кристалдану механизмін түсіндіріңіз.

9. Каучуктың серпімділік модулі қандай факторларға тәуелді? Осы параметрді мақсатты түрде өзгертудің практикалық жолдарын ұсыныңыз.

10. Каучуктерді пайдаланудың температуралық аралығын қалай кеңейтуге болады? Осы мәселені шешу үшін кем дегенде екі модификация әдісін ұсыныңыз.

11. Каучуктердің қайтымды деформациясының табиғаты қандай?


Жұмысты бағалау көрсеткіштері (балл)

Жұмыс түрі

нашар


қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Жұмысты орындауға рұқсат алу

0-0.99

1-1.39

1.4-1.79

1.8-2

Edpuzzle.com парақшасынан бейнежазбаны көріп, сұрақтарға толық және дұрыс жауап беру

0-2.49

2.5-3.49

3.5-4.49

4.5-5

Жұмыс бойынша есеп тапсыру

0-2.49

2.5-3.49

3.5-4.49

4.5-5

Жұмысты ауызша қорғау

0-1.4

1.5-2.09

2.1-2.69

2.7-3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет