9 Клиникалық зерттеулердің жіктелуі


Зерттеу әдістемесі. Сипаттамалық зерттеулер



бет2/2
Дата16.01.2023
өлшемі18 Kb.
#165590
1   2
Байланысты:
9-12

11. Зерттеу әдістемесі. Сипаттамалық зерттеулер.
Сипаттамалық зерттеу-нақтылы социологиялық талдаудың күрделенген түрі. 
Сипаттамалық –салыстыру бақылау тобы жоқ
- жағдайлардың сипаттамасы - клиникалық тәжірибеден алынған бір немесе бірнеше (10-нан аз) жағдайдың сипаттамасы, тергеушінің пікірінше, әріптестердің назарына ұсынылуы керек.
- жағдайлар сериясын сипаттау - ұқсастығына байланысты топтастыруға болатын бір патологияның 10 немесе одан да көп жағдайларының сипаттамасы.
- көлденең біркезеңді зерттеулер - белгілі бір сәтте немесе қысқа уақыт кезеңінде белгілі бір нәтижелердің, көрсеткіштердің, қауіп факторларының таралуын бағалау.
Көлденең біркезеңді зерттеулер Бақылау типіне жатады – деректер осы процеске белсенді араласусыз табиғи ағымында оқиғаларды бақылау арқылы жиналады.
Ерекшеліктері:
• Зерттеу жүргізу кезінде науқасты бір реттік тексеру
Науқасты бақылаудың болмауы
• Қауіп факторлары мен зерттелетін ауру туралы бір мезгілде деректерді жинау.
Артықшылығы:
•үнемді
•көп уақыт алмайды
•қауіп факторларын анықтауға бағышталған
Кемшіліктері:
•барлық уақытта сенімді емес
•аурудың себебі жайында дұрыс түсніктеме бере алмайды


12. Зерттеу әдістемесі. Аналитикалық зерттеулер.
Аналитикалық зерттеу — оған жағдай бақылау, когорттық зерттеу жатады. Этиология, себеп-нәтиже байланысы және болжам зерттеледі. Сол сияқты, ауру ағымына ешқандай іс-әрекет жасамай сырттай бақылау жасау арқылы гипотезаның орындалу мүмкіндігі бағаланады.
Жағдай бақылау-анализдік(сараптау)- ретроспективті зерттеулерге жатады. Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп алынады.Зерттеуге 2 топ алынады:1)тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар 2) бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ.Зерттеуге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың себебін ретроспективті зерттейді. Бұл зерттеу аурудың этиологиясы туралы гипотезаны тексеруге көмектеседі.
Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар. Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б.
а) қауіп факторы әсер еткен топ
б) қауіп факторы әсер етпеген топ
Ерекшеліктері:
-Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады;
-Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады;
-Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді;
-Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады.
Кемшіліктері: 
-Көп уақытты қажет етеді 
-Сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек 
-Қаражатты көп қажет етеді 
-100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет