«№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата14.02.2018
өлшемі71,08 Kb.
«№ 9 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Жунисова Майра

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 6 оқушы  қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

 Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.

Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.



І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  2 ұпайдан алады.

 ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын, ағылшыншасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз

 1-о: Қолы менен қаламы жоқ,

        Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost)

 2-о: Қоймасын қыс ақтарып,


Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)

 3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква-letter)

 4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruler)

 5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц-rabbet)

 6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка- kat)

 1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,

      Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.     (мұз-лед-ice)

 2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.             (күн-солнце -sun)

 3-о: Тігіп алып көк шатыр,

      Қызыл күрең доп жатыр.                    (қызылша-свекла-beet)

 4-о: 1 санға  өсірді.

       Өзі  қалып  орнында,

       Бізді  алға  көшірді.                              (сынып-класс-room)

 5-о: Сақталады алты  ай жаз,

        Сандығымда  сары  аяз.                     (тоңазытқыш-холодилник-fridge)

 6-о: Екі аяқпен  кезек-кезек тебеді,

        Зыр  жүгіре  береді

        Ол  тынымсыз  домалап                       .(доп-мяч-ballon)

  

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға  1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

 1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. («Қыс». А.Құнанбаев)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

 3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме  құйып жібергендей болды.»  

(«Ана құшағында»  Ғабит Мүсірепов)

 4.Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.!         («Өсіп келе жатырмын»    Төлеген Айбергенов)

 5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш  айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»                

( «Көксерек»   М.Әуезов)

 6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түс ауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»

(«Қырдың жас түлегі»   Сапарғали Бегалин)

Мұғалім:


Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

 

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр оқушыға 2  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда  ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

  1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

 1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

 

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)



2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

1.Таяқ тастам  жер (жақын)



2.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты

 

1.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)



2.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)

 

Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады



Бұл айналымда 3 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)

 

Дүниетану пәнінен

 1. Қай құс өз атын қайталай береді?    (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар                (піл)

3. Сезім мүшелерін ата                   (көз, тері, мұрын)

4. Киелі құс    (Аққу)

5. Ұша алмайтын құс   (түйеқұс)

6. Өсімдік мүшелерін ата           (тамыр, сабақ, жапырақ)

 6 - кезең  Әдебиеттік оқу және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.

1. Үш биді ата.

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Мәтін түрлерін ата

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

 Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «А,В,С класс» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.





Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет