№9 негізгі орта мектебі кмм



Дата29.03.2017
өлшемі85,7 Kb.
#12611
"№9 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

Баяндама тақырыбы: «Орыс мектептерінде қазақ әдебиетін дәстүрлі оқыту мен Қ.Бітібаева технологиясы арқылы оқытудың ерекшеліктері»


Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі Абраймова Л.Т

2017 жыл

Мазмұны


І. Кіріспе бөлім. Орыс мектептерінде дәстүрлі оқытудың

ІІ. Негізгі бөлім. Орыс мектептерінде қазақ әдебиетін дәстүрлі оқыту мен Қ.Бітібаева технологиясы арқылы оқытудың ерекшеліктері.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Қ.Бітібаева технологиясын сабақта қолданудағы оқушының жеткен нәтижелері.

І. Кіріспе бөлім.



Оқушыларға білім беруде жаңа технологияларды тиімді қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Оқушының өз бетімен ізденіп білім алуына ,алған білімін ұжымда талқылауға, өз ойын нақты, талдай отырып ортаға салып талқылауына мұғалім дербес бағыт беруші рөлінде болуы тиіс. Мен «№ 9 негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Абраймова Лаура Тлеугабыловнамын. Еңбек тәжірибем 9 жыл ішінде әр түрлі курстарға барып өз білімімді дамытудамын. Алған инновациялық әдістемемді оқушыларға тәжірибе жасаушы тұлға ретінде қолданып келемін. Неше түрлі әдістемені қолданғанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аңғардым,бірақ жоспарды оқушыға арнап емес өзіме ыңғайлы етіп құрып отырыппын. Мысалы, мен қазақ әдебиетін 4 жыл дәстүрлі сабақ ретінде өткіздім, онда мақсатын өзім айтамын, дайын тапсырмаларды, сұрақтарды таратып мәтінді аударуды ғана ұсынатынмын. Аңғарғаным орыс мектептерінде дәстүрлі сабақ өткізгенде бала жеке жұмыс жасап, өз білімін шығармашылығын дамытпайды, өзіне қойылатын баға үшін ғана жұмыс жасайды.Мүмкін тәжірибесіз болғандығымда болар оқушының сабаққа деген салғырттығын байқасамда ешқандай көмеккке жүгінбей, қатып қалған 45 минуттық сабағымды жүргізіппін. Мен Қ.Бітібаеваның технологиясын осыдан 4 жыл бұрын, оқи бастадым. Оның да себебі, білім бөлімінің бұйрығы бойынша, Қ.Бітібаеваның технологиясы бойынша қалаға ашық сабақ беру міндет болды. Сол кезден бастап атақты, дара тұлға Қ.Бітібаева туралы ізденіс жұмыстарым басталып кетті.Қ.Бітібаеваның технологиясын,әртүрлі жазған оқулықтарын оқи отырып, әдебиетті оқыту технологиясына ерекше назар аудардым.Ұжымдық, СТО технологиясын қолданып 5-ші сыныппен қалаға ашық сабақ бергенімде байқағаным, алдын ала ізденуге берілген тапсырманы оқушы тыңғылықты орындап келгені. Ол кезде постер дегенді білмейміз, сондықтан А4 парақтарына фотоколлаж жасатып, өте қызықты сабақ өткізгенмін. Сол кезден бастап әдебиет сабағында Қ. Бітібаеваның бір технологиясын болсын қолданып сабақ жүргізіп келемін. Менің рөлім тек бағыттаушы, жетелеуші болды, топ басшыларының өз тобы үщін, топтағы әрбір оқушының өзіне тиісті тапсырмасын орындағанын көзім жетті. Технология -көздеген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы. Қанипа Бітібаеваның оқыту технологияларының түрлеріне тоқтала кетсем, дамыта оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, даралап, саралап оқыту технологиясы, интеграциялық оқыту технологиясы, СТО технологиясы, Ой тастау,ойланту технологиясы. Маған сабақ өткізуге ыңғайлы болғаны ұжымдық технологиясы, проблемалық оқыту және ойлау,ой тастау, ойланту технологиясы. Осы технологиялардың элементтерін сабағымда қолдана отырып, дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстыра кетейін, дәстүрлі оқытуда мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс -әрекетіне жалпы тоқталып өтейін. Мұғалімнің іс-әрекеті:- жалпыға бағытталған тапсырмалар, тапсырманы ұсынушы, орындалуын талап етуші, тексеруші,бақылаушы, бағалаушы, қорытындылаушы. Оқушының іс-әрекеті: -тапсырмаларды қабылдаушы, мұғалім басшылығына сүйенген объект, тыңдаушы, келісуші, қайталаушы. Ал енді Қ. Бітібаеваның технологиялық оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті:- оқушы-оқыту объектісі, мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект, өзін-өзі және бір-бірін оқытушы, өнерпаз,жасапмаз еңбектің иесі, өз ізденісімен табысқа жетуші, шығармашылық тұлға. Мұғалімнің іс-әрекеті: -жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт-бағдар беруші,кеңесші, ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші. Осы технологиялардың элементтерін қолданып сабағымды жоспарладым, Сыныпты топқа бөлу, екі оқушының өз тілегі бойынша жұпталуы, оқушының-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасауы, әр топ басшысының топты бағалауы, топта отырып жұбымен диалог құру, бір-бірін бағалау, топ басшылары өз жұмыстарын қорғау, қорғауға берілген тақырыптарын саралау, жоспар құру, әр бөлімге ат қою және талдай отырып, дәлелдеу, топтағы 4 баланың әр бөлімді өздері оқып, топқа талдаулары маған қатты ұнады. Бұл жерде бүкіл мәтінді,шығарманы оқымай -ақ түсінулері өте тиімді. Мұғалім бағыт беруші рөлінде ғана болатыны көзім жетті. Сонымен қатар түсінгенім қазақ әдебиеті сабағы қазақ тілін үйрететін пән ғана емес, туған жер туралы тақырыптар туралы сөз қозғау, талдау барысында Отансүйгіштікке, туған жерінің қадірін білуге, ақын жазушылардың өмірлерін, шығармаларын оқуда досты сыйлауға, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзіңді сыйлауға, үйренеді. Әр тақырыпты талқылау барысында әр істі бастамас бұрын алдыға мақсат қоюды, мақсатқа жету жолдарын өзі іздену жұмыстары арқылы іске асатынын түсінеді, біледі. Мысалы: 6 -шы сыныптың оқулығында Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан һәм шаян» деген шығармасы 1 сағат қана берілген, менің мақсатым, 45 минутта ертегінің мақсатын, мақсатты анықтау барысында қандай нәтижелерге жететінімізді, шығарма арқылы халыққа нені түсіндіргіміз келетінін түсіндіруім керек. Сондықтан Қ. Бітібаеванң жобалап оқыту технологиясының элементтерін қолануды жөн көрдім. Бұл технологияда зерттеу, іздендіру бағыты басшылыққа аланады. Модель,конструкция, сценарий,сахналау, презентация жасау сияқты шығармашылық жұмыстарға негізделген оқушылар іс-әрекеті ұйымдастырылады. Оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеу жүзеге асырылады,олардың өзі дербес іс-әрекеттері арқылы бір өнімге көз жеткізу көзделеді. Жобалап оқытуға негізделген сабақ жосапрында әсіресе жұмыс кезеңдерінде ерекше көңіл бөлініп,ол нақтылығымен, қонымдылығымен сараланады. Осыларды ескере отырып сыныпты 4 топқа бөліп алдым, үш топқа аққу,шортан, шаян деген ат берілді де бір топ бақылаушы ретінде жұмыс жасады. Алдын ала дайындаған суреттері бойынша постер қорғау тапсырмасын бердім. Әр топ өзінің кейіпкері туралы мәлімет іздеп, тақырып төңірегінде нақыл сөздер мен мақалдар жазып, постерді өте жақсы корғады. Жобалап оқыту технологиясын өте тиімді пайдаланып сабақ өте қызықты өтті. Бекіту кезінде ертегіні өз идеяларын қоса отырып жаңа бір үлгіде сахналап, жалғастыруды сұрады.Оқушының белсенділігін, қызығушылығын, қазақ тілінде болмасын , шығарма туралы өз ойын айтып, табиғат тірлішіліктерін адамзатпен салыстырып, ойларынан өлең шығарып, диалог құрып, өз-өздеріне баға қойғандарын көруге болады. Бұл сабақтан оқушының қазақ әдебиетіне, қазақ тіліне деген қызығушылығын көріп тұрмыз. Сабаққа қамтылмаған оқушы қалмады, бақылаушы топ, спикер, барлығы тиянақты жұмыс жасап, ертегіні өз беттерімен ізденудің арқасында өте жақсы қабылдады. Бұл жерде біз «ойлау, ой тастау,ойланту», ұжымдық оқыту технологиясын да қолдандық.

Қ. Бітібаеваның технологияларын тиімді қолдана отырып, оқушының қазақ әдебиеті сабағында жаңа сөздерді көшіріп қана отырудың орнына, алдын ала берілген тақырыпқа ізденімпаздығын, баланың сабаққа деген қызығушылығын, кітапханаға барып, суреттер іздеуін, бөлінген топтың, ұжымның алдында өз жауапкершілігін түсінгенін көріп тұрмыз. Егерде бір оқушы дайын болмаса, тақырып ашылмай қалуы мүмкіндігін түсінеді, таладайды, анализ жасайды. Қазақша сөйлеп кетпесе де шығармаға қатысты тірек сөздерді пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізді. Жұмыс қорғау барысында әркім өзін еркін ұстағаны, дербес жұмыс істеуіне, өз бетімен қорытынды жасауына мүмкіндігі болды. Қазақ тілінде 5-6 сөз айтса да, жаттанды емес, ойланып сөйледі. Қорытындылай келе Қ.Бітібаеваның кез-келген технологиясын болмасын қазақ тілі мен әдебиет сабағына ғана емес, барлық пәнде қолдануға болатынына көзім жетті. Осы технологиямен жұмыс жасау барысында түйгенім, баланы тыңдауды үйрендім. Жоспарды оқушыға арнап жазуды, баланың өз бетімен іздену жұмыстарын жасауға ықпал етуді, тек қане бағыттаушы рөлінде өзімді ұстауды үйрендім. Сабақтың мақсатын,тақырыбын өз беттерімен анықтауға түрткі болуды және қорытындылау бөлімінде сабақтан алған білімдерін синтездеуді, сараптауды үйренді деп айта аламын.


Қолданылған әдебиеттер:

Оқитын сөзім:



Оқушыларға білім беруде жаңа технологияларды тиімді қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Оқушының өз бетімен ізденіп білім алуына ,алған білімін ұжымда талқылауға, өз ойын нақты, талдай отырып ортаға салып талқылауына мұғалім дербес бағыт беруші рөлінде болуы тиіс. Мен «№ 9 негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Абраймова Лаура Тлеугабыловнамын. Еңбек тәжірибем 9 жыл ішінде әр түрлі курстарға барып өз білімімді дамытудамын. Алған инновациялық әдістемемді оқушыларға тәжірибе жасаушы тұлға ретінде қолданып келемін. Неше түрлі әдістемені қолданғанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аңғардым,бірақ жоспарды оқушыға арнап емес өзіме ыңғайлы етіп құрып отырыппын. Мысалы, мен қазақ әдебиетін 4 жыл дәстүрлі сабақ ретінде өткіздім, онда мақсатын өзім айтамын, дайын тапсырмаларды, сұрақтарды таратып мәтінді аударуды ғана ұсынатынмын. Аңғарғаным орыс мектептерінде дәстүрлі сабақ өткізгенде бала жеке жұмыс жасап, өз білімін шығармашылығын дамытпайды, өзіне қойылатын баға үшін ғана жұмыс жасайды.Мүмкін тәжірибесіз болғандығымда болар оқушының сабаққа деген салғырттығын байқасамда ешқандай көмеккке жүгінбей, қатып қалған 45 минуттық сабағымды жүргізіппін. Мен Қ.Бітібаеваның технологиясын осыдан 4 жыл бұрын, оқи бастадым. Оның да себебі, білім бөлімінің бұйрығы бойынша, Қ.Бітібаеваның технологиясы бойынша қалаға ашық сабақ беру міндет болды. Сол кезден бастап атақты, дара тұлға Қ.Бітібаева туралы ізденіс жұмыстарым басталып кетті.Қ.Бітібаеваның технологиясын,әртүрлі жазған оқулықтарын оқи отырып, әдебиетті оқыту технологиясына ерекше назар аудардым.Ұжымдық, СТО технологиясын қолданып 5-ші сыныппен қалаға ашық сабақ бергенімде байқағаным, алдын ала ізденуге берілген тапсырманы оқушы тыңғылықты орындап келгені. Ол кезде постер дегенді білмейміз, сондықтан А4 парақтарына фотоколлаж жасатып, өте қызықты сабақ өткізгенмін. Сол кезден бастап әдебиет сабағында Қ. Бітібаеваның бір технологиясын болсын қолданып сабақ жүргізіп келемін. Менің рөлім тек бағыттаушы, жетелеуші болды, топ басшыларының өз тобы үщін, топтағы әрбір оқушының өзіне тиісті тапсырмасын орындағанын көзім жетті. Технология -көздеген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы. Осы технологиялардың элементтерін сабағымда қолдана отырып, дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстыра кетейін, дәстүрлі оқытуда мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс -әрекетіне жалпы тоқталып өтейін. Мұғалімнің іс-әрекеті:- жалпыға бағытталған тапсырмалар, тапсырманы ұсынушы, орындалуын талап етуші, тексеруші,бақылаушы, бағалаушы, қорытындылаушы. Оқушының іс-әрекеті: -тапсырмаларды қабылдаушы, мұғалім басшылығына сүйенген объект, тыңдаушы, келісуші, қайталаушы. Ал енді Қ. Бітібаеваның технологиялық оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті:- оқушы-оқыту объектісі, мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект, өзін-өзі және бір-бірін оқытушы, өнерпаз,жасапмаз еңбектің иесі, өз ізденісімен табысқа жетуші, шығармашылық тұлға. Мұғалімнің іс-әрекеті: -жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт-бағдар беруші,кеңесші, ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет