Үшінші мәтін бойынша
7. Мəтіндегі негізгі ой
A) Ата-бабамыздың асыл мұрасын сақтап, ұрпаққа жеткізу.
B) Ежелгі тас жазуларындағы жəдігерлерді зерттеу.
C) Ежелгі сақ дəуіріндегі балалардың өнерлерін дəріптеу.
D) Жас ұрпаққа кəсіптік бағдар (суретші, шебер) беру.
E) Ата-бабаларымыздың тасқа жазып қалдырған өсиетін оқу
8. Мəтінде əңгіме болатын ел
A) Ноғайлылар
B) Сақтар
C) Қаңлылар
D) Парсылар
E) Үйсіндер
9. Өнерлі баланың құралы
A) Арба
B) Үскі
C) Қалам
D) Балта
E) Кітап
10. Мұнарға қатысты нұсқа
A) Өсиет сөздерді тасқа қашап жазады.
B) Алып батыр бала болып өседі.
C) Бес жасында атқа мініп шабады.
D) Жауыздарды ұстап зынданға тастайды.
E) Ұшатын Көктөбел аты болады.
11. Анардың мінген атының сипаты
A) Жүйрік
B) Тұлпар
C) Самұрық
D) Шабан
E) Жорға
12. Анардың досының қасынан табылуына себеп болған
A) Көктөбел ат
B) Екі бала
C) Мұнардың шабуылы
D) Ауыл балалары
E) Қара домбыра
4-мәтін.
Жанартау
Жанартаудың басым бөлігі тектоникалық тақталар (плиталар) өткен жерде қалыптасады. Егер екі географиялық платформаның түйіскен жерінде жер сілкінісі болса, міндетті түрде белсенді жанартаулар атқылай бастайды. Кейде жер сілкінісінен ұйқыдағы жанартаулар да оянып, қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
«Вулкан» сөзі латын тілінің «Volcanus» сөзінен этимологиялық бастау алады. Көне Рим империясының от құдайы осылай аталған.
Малео атты құс өзінің жұмыртқаларын жанартау маңындағы ыстық құмдарға салады. Жарып шыққан балапандардың біршамасы құмның ыстығына төзе алмайды.
Попокатепетль – қазіргі таңдағы ең қауіпті жанартау. Оның екінші атауы Эль-Попо, ол Мехикодан 51 шақырым қашықта орналасқан. Эль-Попо жыл сайын ауаға мыңдаған тонна газ бен күл шығарады.
Ғалымдар жанартаудың температурасын арнайы құрастырылған «термобу» атты электрлі термометрмен өлшейді. Термобу бір рет қана қолданылады. Себебі əркез өлшеу кезінде лава термометрді ерітіп жібереді.
Аустралия тектоникалық платформаның орталығында орналасқан. Сондықтан аталған материкте белсенді жанартау жоқ.
Жер бетінде 1500-ден астам белсенді жанартау бар. Олардың 20-30-ы жыл сайын атқылайды.
1963 жылы су асты жанартауы атқылап, теңіз деңгейінен көтеріледі. Нəтижесінде Исландияның оңтүстік-батысындағы Суртсей аралы қалыптасады. Бүгінгі таңда Суртсей ауданы – 2,5 шаршы шақырым. Арал Норвегия мифологиясындағы отты алып Суртаның құрметіне аталған.
Жанартаудың атқылауы VEI шкаласы бойынша өлшенеді. 0 саны ең осал атқылау болса, 8 саны – ең қауіпті түрі.
Индонезияның Тоба өзеніндегі жанартау осыдан 75 мың жыл бұрын атқылаған. Нəтижеде Жердің магма қоры уақытша таусылып, мұз дəуірі басталған. Бұл құбылыс атмосферада күкірт қышқылының пайда болуына түрткі болады.
1980 жылы 18 мамырда атқылаған СентХеленс жанартауы 500 атом бомбасының қуатына тең. Ғалымдар оны орта сатылы жанартаулар қатарына енгізеді. (236 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |