Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептегенде келесі шамалардың қайсысы қолданылмайды?
Жалпы инвестициялар
Тұтыну шығындары
Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы
Еңбекақы.
Экономикадағы номиналды ЖІӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖІӨ – 32 млрд. теңге. ЖІӨ дефляторы қандай шамаға тең болады?
A) 1,25 B) 0,8 C) 8 D) 1 E) 25
Атаулы ЖІӨ қалай өлшенеді?
А) Базистік бағамен В) Экспорттық бағамен С) Ағымдық нарықтық бағамен D) Әлемдік бағамен Е) Алдағы күтілетін бағамен
Ұлттық табысты есептеген кезде төмендегі өлшемдердің қайсысы есептелмейді?
А) Корпорациялар төлеген дивидендтер В) Жалақы. С) Корпорацияның бөлінбеген табысы D) Трансферттік төлемдер Е) Үй шаруашылығының несиеге берген капиталы үшін төлем
Макроэкономикалық негізгі көрсеткіш:
А) ЖІӨ В) Жиынтық сұраныс
С) Жиынтық ұсыныс D) Жай табыс Е) Қолда бар табыс
Қоғамда бар материалдық игіліктер жиынтығы – бұл:
А) Жиынтық қоғамдық өнім В) Ұлттық байлық С) Соңғы өнім D) Ұлттық табыс E) Жалпы ұлттық өнім
Ұлттық есеп-шоттар жүйесінің негізін қалаған кімдер?
Меркантилистер B) Физиократтар C) Классикалық мектеп өкілдері D) Кейнсшілдер E) Маржиналистер
Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: интербелсенді тақта, слайдтар
Сабақтарды өткiзу тәртібі: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
1-ші деңгейдегі сұрақтар: 1.Негізгі түсініктер бойынша олардың анықтамаларын қарастыру (глоссарий жазу):
а) таза инвестициялар;
б) мемлекеттік трансферттер;
в) жанама салықтар;
г) жалпы ішкі жеке инвестициялар;
д) баға индексі;
е) соңғы өнім;
ж) инфляциялау мен дефляциялау;
и) жалпы ішкі өнім;
к) жалпы ұлттық өнім;
л) таза ұлттық өнім.
2-ші деңгейдегі сұрақтар:
1.ЖІӨ мен ЖҰӨ-нің айырмашылығын түсіндіріңіз
2.ЖҰӨ-ді есептеудегі қосылған құн әдісін сипаттаңыз.
3-ші деңгейдегі сұрақтар:
1.Тұтыну бағаларының индексі мен ЖҰӨ дефляторының айырмашлығын түсіндіріңіз
2. Қоғамдық өндіріс нәтижелері және олардың ЖҰӨ көрсеткішіндегі көрінісін сипаттаңыз
СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары
Макроэкономикалық саясат.
Макроэкономикалық үлгілер.
ЖҰӨ және халықтың тұрмыс жағдайы.
Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары.
Макроталдау ерекшеліктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
1.Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл-848 бет.
2. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Экономикалық теория: Оқулық. – Алматы, 2014 – 360 б.
3.Есенғалиева Қ.С. Экономикалық теория: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2015.-576 бет
4.Рахметулина Ж.Б. Экономическая теория: задачи, схемы, тесты. Учебное пособие-Алматы:Экономика, 2015-300с.
5.Экономикалық теория. Оқулық. Бекмолдин С.К., Мәуленова С.С., Құдайбергенов Е.Қ.- Алматы: Экономика, 2012-396 бет
Достарыңызбен бөлісу: |