ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 2015-16 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ
9-сынып
№1 - билет
1.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Қазақстан Еуразия құрылығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жері ұлан-байтақ.. Қазақстан 1991 жылдан тәуелсізел. Егеменді еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әңұран. Еліміздің негізгі байлығы-оның халқы. Қазақстанның байырғы халқы-қазақ халқы. Оның тарихы бай, тарихы тұлғалары көп. Соңымен қатар біздің ел көп ұлтты мемлекет. Онда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тәуілсіздіктің тағы бір айрықша белгісі ұлттық валюта. Ол 1993 жылдың 15 қарашасынан айналымға енді.
ТеңгеҚазақстан Республикасы заңды төлем құралы. Астанамыз Астана қаласы. Астана болашағы үлкен, іскерлік және мәдени орталық.. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
Мен Қазақстанда тұратымына мақтанамын. Отанымды,халқымды құрметтеймін.
2.«Киіз үй» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Киіз үй кімнің баспанасы?
Киіз үй қазақ халқының, ата-бабаларымыздың баспанасы.
Ол неге ыңғайлы?
Ол көшіп қонуға ыңғайлы.
Жазда киіз үйдің ауасы қандай?
Жазда киіз үйдің ауасы салқын болады.
Қыста киіз үйдің сыртың немен жапқан?
Қыста киіз үйдің сыртын киізбен жапқан
Киіз үй неден қорғайды?
Киіз үй желден, ыстықтан, суықтан қорғайды.
Киіз үйдің негізгі бөліктері?
Киіз үйдің негізгі бөліктері: Кереге,уық, шаңырақ.
Қазақтың киіз үйі неше қанатты болып бөлінеді?
Қазақтың киіз үйі 18 қанатты болады, яғни 18 керегесі бар
Қазір киіз үйлер бар ма?
Қазір киіз үйлер бар, тек қана мерекеге қойылады.
3.Сөйлем. Сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай).
Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретін, өзара байланысқа бір немесе бірнеше сөз, сөз тіркестерін айтамыз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінеді.
Хабарлау, баяндау, сүреттеу мақсатында айтылған сөйлем- хабарлы сөйлем.
Мысалы: Кеше мен киноға бардым.
Сұраулы сөйлемдері сұрау есімдігі,сұраулық шылаулар,интонация арқылы жасалады.
Мысалы: Сенде кітап бар ма
Біреуге бұйыру,тілек,өтініш мақсатында айтылған сөйлемді-бұйрықты сөйлем дейді.
Мысалы: Сен үйге бар
Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл күйін,сезімін,қуаныш тағы басқаны білдіреді
Мысалы: Ауа қандай тамаша!
№2 - билет
Әбілхан Қастеев туралы әңгімелеңіз.
Әбілхан Қастеев 1904 ж. Алматы облысы Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылында туған.
Ол - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.
1929-1931 жж. Қастеев Н.Г.Хлюдовтың көркем студиясында оқыды. Содан кейін білім алуын 1934-1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды.
Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады.
Қастеев есімі ҚР мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.
Оның ең белгілі суреттері: "Түрксіб", "Жас Абай", "Жамбыл портреті", "Амангелді сарбаздары", "Менің Отаным" және басқалар.
Әбілхан Қастеев 1973 ж. қайтыс болған.
Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз.
-Қазақ отбасындағы туыстық атауларын білесің бе?
- Иә, білемін.
-Оларды ата.
- әке, шеше, аға, қарындас, апке, ата, әже т.б
-Әкенің әкесі кім саған болады?
Әкенің әкесі маған ата болады
-Әженің шешесі саған кім болады?
Әженің шешесі маған үлкен әже болады
-Әке-шеше – олар кімдер?
Олар ата-аналар.
-Шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы – кім?
-Шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы ұл
-Қыз – келешекте кім болады?
-Қыз келешекте ана болады
-Ұлдың баласы – кім?
-Ұлдың баласы - немере
-Нағашы – ол кім?
-Нағашы – ол ананың ағасы
-Қыздан немесе әпке, қарындастан туған бала – кім?
- Жиен
-Ағаның әйелі саған кім болады?
Аңамның әйелі маған жеңге болады.
3. Іс қағаздары. Өтініш жазыңыз.
№17 ЖОББСОМ ДИРЕКТОРЫ
А.Қ.Маликоваға 9-сынып оқушысы
.............................................................
ӨТІНІШ
Маған төртінші биологияны емтиханды тапсыруды рұқсат сұраймын.
2014 жылғы қыркүйектің 14-і А.Асанов.
№3 - билет
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
“Қазақ тілі” - қазақ халқымыздың ана тілі. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе(статус) алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі - Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресейде, Өзбекстанда, Қырғыстанда, Түркіменістанда т.б) және шетелде (Моңғолия, Қытай, Ауғанистан, Иран, Түркия т.б) қарым-қатынас жасайды.
Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтыңыз.
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Отысөнгенжалғандажанбарсың ба?
Ойланбай-ақкелдағы от ал менен.
3. Жай сөйлемнің түрлері. Мысал келтіріңіз.
Жай сөйлем құрамына қарай жақты, жақсыз толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, атаулы болып 7 түрге бөлінеді.
• Жақты сөйлем – бастаушы бар сөйлем. Ол кейде айтылмайды, бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады. Мысалы: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел).
• Жақсыз сөйлем. Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Мысалы: Менің оқығым келеді.
• Жалаң сөйлем – тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. Мысалы: Ол келді. Жаңбыр жауап тұр.
• Жайылма сөйлем - тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. М-лы: Ол ерте келеді. Жаңбыр қатты жауап тұр.
• Толымды сөйлем – ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. М-лы: Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады.
• Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. М-лы:
- Балам, қайдан келдің?
- Астанадан.
• Атаулы сөйлем – іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. М-лы: Жаз. Қайнаған күн.
№4 - билет
АхметБайтұрсыновтуралыәңгімелеңіз.
АхметБайтурсынов–ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, турколог, әдебиетті зертеуші, дарынды ақын - аудармашы. Көсем сөзі өз кезі үшін белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, талантты педагог те болған. Ахмет Байтурсынов 1873 жылы бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезінде туған. “Тіл кұралы”; “Казақ” газеттін шығарды - 1913 ж.
«Қазақстан облыстары мен қалалары» туралы диалог құрастырыңыз.
- Қазақстанда неше облысы бар?
- 14 облысы бар.
- Қазақстан неше аймаққа бөлінеді?
- 5 аймаққа бөлінеді - Барыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық.
- Қазақстанда неше қала бар?
- Қазақстанда 86 қала бар.
- Оңтүстік Қазақстанда қандай қалалар бар?
- Қызыл-Орда, Алматы, Жамбыл,Тараз, Шымкент бар.
- Солтүстік Қазақстанда қандай қалалар бар?
- Тімертау, Қарағанды, Жезказған, Ақмола бар.
- Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалалар қандай облысқа жатады?
- Батыс Қазақстанға жатады.
- Сен Қазақстанның қай аймағында, облысында тұрасың?
- Мен Қазақстанның Солтүстік аймағында, Павлодар облысында тұрамын.
«Наурыз мерекесіне» құттықтау жазыңыз
Құрметті Халқым менің!
Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тілейтінім зорденсаулық, мол бақыт, ашық аспан, жұмысыңыз жемісті болсын! Балаларыңыздың қызығын көріңіздер.
Тілек білдіруші балаңыз ....!
№5 - билет
«Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын..
Д. П. Багаев атындағы үй мұражайы, 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады.
Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражайы бар. Ол Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Мұражай 30 қаңтарда ашылды. Мұражай 2 залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал келушілерді өткен ғасырдың 20-жылдарының танымал әншісі мен сазгері Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. Мұражайға келушілерді Майраның жеке заттары ерекше қызықтырады: үлкен пиала, қызыл жібек шапаны.
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Тағыда Бухар Жырау атындағы музеі, Ақын Павел Васильевтің үй-мұражайы және Г. Н. Шафер Үйі бар. «Шафер Үйі» - Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар мұражайы.
Ана тілі, сөз өнері туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
Ана тілі ой өсіреді.
Анам берген құрал тілім.
Ана – бауырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.
Ең ащы да – тіл.
Синоним, антоним, омоним. Мысал келтіріңіз.
Синонимдер: әр түрлі жазылып, әр түрлі айтылатын мағынасы бір сөздер синонимдер деп аталады. Мысалы: (анализ, талдау, жіктеу), (блюда-тамақ, ас, дәм)
Антоним: қарама-қарсы сөздері. Мысалы: (жарлы - бай), (батыл - қорқақ)
Омонимдер: біркелкі жазылып біркелкі айтылатын, мағынасы әртүрлі сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: (ат-имя, лощадь, стреляй)
№6 - билет
«Қара шаңырақ» туралы әңгімелеңіз.
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл — құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
«Ұлттық тағамдар» туралы диалог құрастырыңыз.
1.Сен қандай ұлттық тағамдарды білесің?
- Бауырсақ, ірімшік, қоспа, қымыз, беспармақ, құрт, қуырдақ тағы басқа ұлттық тағамдары білемін.
2.Ұлттық тағам неше топқа бөлінеді?
- Ұлттық тағам үш топқа бөлінеді: ет, сүт, ұн тағамдары.
3. Ұннан қандай тағамдар жасайды?
- Ұн тағамдары өте көп: бауырсақ, шелпек, таба нан тағы басқа.
4. Еттен қандай тағамдар жасайды?
- Беспармақ, қуырдақ, шұжық, қазы, карта жасайды.
5. Сүттен қандай тағамдар жасайды?
- Сүттен ірімшік, қоспа, айран қымыз, шұбат – түенің сүті, қаймақ, май.
6. Қымыз, шұбат нелердің сүті?
- Қымыз – биенің сүті, шұбат түйенің сүті.
7. Қымыздың пайдасы қандай?
- Қымыз сусын және өкпе ауруына өте жақсы көмек береді.
8. Дастарқанның басты асы не?
- Дастарқанның басты асы – бауырсақ (нан).
9. Саған қандай ұлттық тағам ұнайды?
- Маған беспармақ ұлттық тағамы ұнайды.
10. Ол саған неге ұнайды?
- Өйткені ол өте дәмді.
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесіңбе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.
№7 - билет
«Алтын адам » туралы әңгімелеңіз.
Алтын адам –Алматы облысында Есік қаласының солтүстігінде Есік өзенінің сол жақ жағалауында темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерлерінің мүрдесі /5ғасыр/1969-1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Хайуанаттар белгіленген. Бас киімі 70 см.Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды.
«Ұлттық аспаптар» туралы диалог құрастырыңыз.
–Қазақ музыка аспаптарының түрлері қандай?
-Қазақ музыка аспаптарының түрлері: ішекті, үрмелі,дабылды-шулы және сарнамал.
- Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, жетіген т.б. аспаптар жатады.
- Үрмелі аспаптардан нені білесің?
- сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз т.б. аспаптар болады.
- Дабылды-шулы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
-Оған дабыл, астаяқ қоңырау т.б. аспаптар жатады.
-Сарнамалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
-Ауызсырнай, сырнай аспаптары жатады.
- Шаңкобыз қандай аспап?
-Шаңкобыз – қазақ халқының көне музыкалық аспабы.
- Ол неден жасалады?
-Ол темірден жасалады.
- 19 ғасырларда осы аспапта көбіне кімдер ойнаған?
-19 ғасырларда осы аспапта көбіне әйелдер ойнаған.
Төл сөз бен автор сөзі. Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылығы неде?
Төл сөз деп жазушының сөзің өзгеріссіз біреулі
Төл сөзбен бірге сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады Ол автор сөзі деп аталады
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп,жалпы мазмұнын ғана берсе
Ол төлеу сөз деп аталады
№8 - билет
«Қазақстан - 2050» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
15 желтоқсан айында 2012 жылы ҚР-ның президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ халқына «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялады. Стратегияның негізгі мақсаты мен міндеті: қазақ халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру, тыныштығын қоғау.
-Бәсекелестікке қабілетті ел болуға, 30 дамыған елдердің қатарына кіруі
- Дүниежүзілік сауда Ұйымының мүшесі болу
- Қазақстандықтар 3 тілді жетік меңгеруі: қазақ тілін, ағылшын тілін және орыс тілін. Үш тілде еркін сөйлеу.
- ҚР халқының санын көбейту.
- ЭКСПО-17 өткізу
«Наурыз мерекесі» тақырыбы бойынша сұхбат құрастырыңыз.
-Наурыз мерекесі қашан тойланады?
-Наурыз мерекесі жиырма екінші наурызда тойланады.
-Бұл қандай елдердін Жана Жыл?
-Бұл Шығыс елдерінің Жана Жыл.
-Наурыз қандай мереке?
-Наурыз-Жана жыл мерекесі, күн мен түннің тенелген күні, шаруашылық мерекесі.
-Наурыз парсы тіліннен аударғанда не деген сөз?
-Наурыз- парсы тілінен аударғанда “жана жыл” не “жана күн” дегенді білдіреді.
-Бұл мереке созған ұнай ма?
-Иә, бұл мереке маған ұнайды.
Жалаң және жайылма сөйлем.
Мүшелерінің қатысына қарай сөйлемдер жалаң сөйлем, жайылма сөйлем болып екіге бөлінеді.
Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан ғана құрылады.
Мысалы: Қар жауады.
Жайылма сөйлемде тұрлаулы мүшелерде, тұрлаусыз мүшелер де болады.Мысалы: Оқушылар мектепте келді.
№9 - билет
Тіл туралы Заңның кейбір баптарын өзің түсінгеніңше айтып беріңіз.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Тіл туралы заңның 6 бабында мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы туралы жазылған. Қазақстан Рспубликасы азаматының ана тілі қолдауында, қарым-қатынанс, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-уйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде іс-шаралар өткізілген кезде олардың тілдері пайдалануы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мерекелері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазақстанның мемлекеттік мерекелерін білесін бе?
- Иә, білемін
-Қандай мерекелерін білесің?
-Олар: Жаңа жыл, Женіс күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Тәүілсіздік күні
-Қандай мерекелер қыста тойлайды?
-Жаңа жыл, Тәуелсіздік күні қыста тойлайды
-Қандай мерекелер көктемде тойлайды?
- Женіс күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Бірлік күні көктемде тойлайды
-Соңғы Ата заңы қашан жарияланды?
-Соңғы Ата заңы 20 тамызды 1995 жылы жарияланды
-16 желтоқсанда қандай мереке тойлайды?
-16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні тойлайды
-Наурыз мейрамы қандай елдер тойлайды?
- Наурыз мейрамы мұсылмандық елдер тойлайды
Құрмалас сөйлем. Оның түрлері.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Құрмалас сөйлем құрамына қарай үш түрлі болады: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.
Мысалы: Күн біресе жауды, біресе басылды.
Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.
№10 - билет
«Кереку өңірінің белгілі адамдары» туралы әңгімелеңіз.
Кереку өңірінің белгілі адамдары Жаяу Мұса, Естай, Сұлтанмахмут, Қаныш Сатпаев. Олар әртүрлі ғылым салаларында еңбектенген. Жаяу Мұса мен Естай ән, Сұлтанмахмут әдебиет, Қаныш ғылым саласында. Бұлар өнер адамдары. Осы адамдардың атында көшелер, ауылдар, мектептер бар.
«Ұлттық ойындар» туралы диалог құрастырыңыз.
Қандай ұлттық ойындарды білесің?
Көкпар, бәйге, қыз қуу, қазақша күрес, алтыбақанды білемін.
Саған қандай ұлттық ойындар ұнайды?
Маған тоғызқұмалақ ойыны ұнайды.
Ол қандай ойын?
Ол қазақ халқының ұлттық ойыны, күрделі және де өте қызықты.
Ұлттық ойындар неге баулыйды?
Күшті болуға, жылдамдыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Фонетика. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Қазақ тіл білімінің негізгі үш саласы : фонетика, лексика, грамматика.
Фонетика (грек сөзі) – тіл дыбыстары туралы ұғым. Ол – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, дыбыстардың үндесуі мен буын түрлерін зерттейді.
Фонетикалық талдау: ***********
№11 - билет
Қалижан Бекхожин туралы әңгімелеңіз.
Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин 1913 жылы Павлодар қаласында туған – қазақ ақыны. Алматының Абай атындағы педагогикалық институттын бітірген. Әдебиетке 30-шы жылдары келген. Лирикалық шығармаларында жастардың өмірін жырлаған. «Шеру» өлеңінде Совет батырлары туралы жазған. 50-60-шы жылдары қазақ әдебиетінде поэма жанрын өркендетуге еңбек сіңірді. Қалижан Бекхожин Пушкин, Некрасов, Лермонтовтың шығармаларын аударған. Ақын шығармалары орыс, украин, армян, азербайжан, татар, өзбек, тәжік, түркмен, қырғыз, венгер т.б. тілдерге аударылды.
«Қазақ әншілері» туралы диалог құрастырыңыз.
Қазақ халқының қандай әншілерін білесін?
Қазақ халқының әншілері Роза Рымбаева, Әміре Қашаубаев, Майра Шамсутдинова.
Майра Шамсутдинова қай жерде тұған?
Майра Шамсутдинова 1896 ж. маусым айында Керекуде туған.
Сауатын қалай ашқан?
Сауатын ноғай молдасынан ашқан.
Жасынан нені ойнауды жақсы көрген?
Жасынан гармонь ойнауды жақсы көрген?
Неше жасында белгілі болды?
Ол 13-14 жасынан белгілі әнші, гармоньші болды.
Нелер Майрасыз өтпеген?
Майрасың кештер өтпеген.
Оның қандай белгілі әндерін білесін?
«Майра», «Ертіс» әндерін білемін.
Ол неше ән жазған?
Ол көп ән жазған.
Күләш Бәйсеитова, Бібігүл Төлегенова қандай әншілер?
Күләш Бәйсеитова, Бібігүл Төлегенова белгілі әншілер.
Іс қағаздары. Түсініктеме жазыңыз.
№17 ЖОББСОМ
директоры А.Қ.Маликоваға
9 « » сынып оқушысы
------------------------------- (-дан,-ден,-тан,-тен)
Түсініктеме
Мен 2014 жылдың 21 мамыр күні отбасы жағдайымен сабаққа келе алмадым.
22.05.2014 қолы
№12 - билет
«Радио. Теледидар» туралы әңгімелеп беріңіз.
Радио (латын тілінде-оқимын, сәуле шығарамын) –сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындарын пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті –әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз жеткізу. Радиобайланысты ойлап тапқан – А.С. Попов. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси , көркем-публицистикалық, көркем жанрлар.+теледидар
«Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Ұлттық киімдер неше топқа бөлінеді?
- Ұлттық киімдер 5 топқа бөлінеді.
2. Ішкі киімдерге нелер жатады?
- Жейде, көйлек, дамбал, шалбар, бешпент, камзол, желетке.
3. Қандай сыртқы киімдерді білесің?
- Шапан, тон, ішік, шидем сыртқы киімдерге жатады.
4. Ерлердің бас киімдері нелер?
- Бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия.
5. Әйелдердің бас киімдерін ата.
- Кимешек, жаулық, бөрік, тақия.
6. Сәукеле – кімнің бас киімі?
- Сәукеле келіннің бас киімі.
7. Мәсі, кебіс – олар нелер?
- Олар аяқ киімдер.
8. Қазақ ұлттық киімдері нелермен әшекейленген?
- Ұлттық киімдер ою-өрнекпен кестелеп әшекейленген.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер арасында, негізінен, үтір қойылады: Не өзім келермін, не інімді жіберермін. Және, әрі жалғаулықтары арқылы байланысқанда, жай сөйлемдер арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Бүгін бауырым керек еді дайын көлікте бар.
Әрі жалғаулығы қайталанып келсе, жай сөйлемдер арасына үтір қойылады. Мысалы: Әрі сол ауылдың баласы, әрі аудан көлемінде беделі де бар.
Ыңғайлас салалас сөйлем
Жай сөйлемдер бір бірімен мезгілдес, ыңғайлас, бағыттас іс-әрекеттерді көрсетеді.
Жалғаулықты және жалғаулықсыз болады.
да, де, және, әрі жалғаулықтармен байланысады.
Себеп салдар салалас сөйлем
сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі жалғаулықтар арқылы жасалады.
Қарсылықты салалас
бірақ, дегенмен, сонда да, алайда жалғаулықтармен байланысады.
Талғаулықты салалас
тек жалғаулықпен жасалады
не, немесе, мейлі, я, яки, не болмаса
Кезектес салалас
бірде, біресе, кейде жалғаулықтармен жасалады.
Түсіндірмелі салалас
Жалғаулықсыз байланысады
Сол, сондай, сонша, мынандай, осы сөздері қатысады.
№13 - билет
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеңіз.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ геологы, аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында өмірге келген.
Өз өмірін Қазақстанның менералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Қ. Сәтбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик. Қ. Сәтбаев 640-тан астам ғылыми еңбек жазған.
Қазақстанның металлогения мектебінің негізін салушы. Ол Жезқазған мыс кендіауданын ашуға, Ертіс –Қарағанды каналының қазылуына зор еңбек сіңірді. Оның есімі институтар мен кен металургия комбинаттарына, көшелерге, мектептерге берілген. Біздің қаламыздың негізгі көшесі ұлы ғалым есімімен аталады. Онда ескерткіш орнатылған.
«Мемлекеттік рәміздері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
-Қазақстанның қандай рәміздері бар?
-Қазақстанның рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
-Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қашан қабылданды?
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
-Қазакстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі қандай?
-Оның түсі - көгілдір.
-Тудың ортасында не орналасқан?
-Тудың ортасында жарқырап шыққан күн орналасқан.
-Қыран құс нені білдіреді?
-Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бостандықты білдіреді.
-Күн, қыран құс және өрнек қандай түспен берілген?
-Олар алтын түспен берілген.
-Тудың авторы, суретшісі кім?
-Тудың авторы, суретшісі - Шәкен Ниязбеков.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында не бейнеленген? Ол нені бейнелейді?
-Онда шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.
-Шаңырақтың астында не орналасқан?
-Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.
-Елтаңбаның төмені жағында қандай жазу бар?
-Төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар.
-Елтаңбаның авторлары кім?
-Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер- Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның сөзін жазуына кім қатысты?
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзін жазуға Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев және әнін жазуға: Шәмші Қалдаяковтар қатысты.
3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер арасына, негізінен, үтір қойылады. Мысалы: Ұлы сапардан келген соң, апамыз той қамына кірісті.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері:
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Есімше, көсемше, шартты рай жұрнақтарымен жасалады.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Есімше, көсемше арқылы жасалады
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Шартты рай, есімше жұрнағына көмектес, барыс септік жалғау жалғанады
Көсемше жұрнағына тұр етістігі тіркесумен жасалады.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
-са, -се, жұрнағымен –ған, -ген, -қан, -кен және жатыс септіктің жалғауымен, көсемше арқылы жасалады.
Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Көсемше, есімше жұрнақтары арқылы жасалады.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Үшін шылауы тіркесіп, деп көмекші етістігі және –ар, -ер, -р жұрнақтары, және бұйрық райдың ІІІжағымен жасалады.
№14 - билет
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» туралы әңгімелеңіз.
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге өте бай халық. Олар үйлену, балаға арналған. Кішкентай балаға арналған дәстүрлер өте көп. Олар: шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тоқым қағар, сүндеттеу және т.б. дәстүрлер. Нәресте туған күні шілдеханаға жиналып тойлайды, қырық күннен кейін – қырқынан шығарады. Ал бала аяғын басып жүргенде – тұсау кеседі. Үйленуге арналған дәстүрлер де аз емес. Құда түсу, үйлену, жар-жар, беташар, енші беру және т.б. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады.
«Қазақтың тұңғыш журналистері» туралы диалог құрастырыңыз.
-Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдан қайда шығып тұрған?
-Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдан Омбыда шығып тұрған.
- Қандай газет жұмыс істей бастаған?
- «Дала уәлаяты» газет жұмыс істей бастаған.
-Қазақтың тұңғыш журналистері кім?
- Қазақтың тұңғыш журналистері Ешмухамед Абылайханов, Дінмухамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дюйсебаев деген кісілер болған.
- 1911-1915 жылдарда Тойцк қаласында Мухамеджан Сералин қандай журнал шығарған?
- 1911-1915 жылдарда Троицк қаласында Мухамеджан Сералин «Айқап» журналын шығарған.
-Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдарда әйгілі « Қазақ» газетін ұйымдастырып, кім болып жұмыс істеді?
- Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдарда әйгілі « Қазақ» газетін ұйымдастырып, бас редакторы болып жұмыс істеді.
- «Қазақ» газеті неге шақырды?
- «Қазақ» газеті азаттық үшін күреске шақырды.
- Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілшілер кім болды?
- Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілшілер Нәзипа Құлжанова, Сара Есова, Ләзизиа Сергазина болды
Сан есім. Сан есімнің түрлері.
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, Қанша?, Неше?, Нешеу?, Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді сан есім дейміз.
Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болады.
Мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді.
1.Есептік сан есім: бір, бес, жүз, екі жүз.
2.Реттік сан есім: есептік сан есімге –ыншы, -інші, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бесінші, алтыншы.
3. Жинақтық сан есім: 1-ден – 7-ге дейінгі есептік сан есімге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бесеу, алтау.
4. Болжалдық сан есім: он-даған, отыз-дап, жүз шақты, қырық елу.
5. Топтау сан есім: он-оннан, жүз бестен, қырық-отыздан.
6. Бөлшектік сан есім: бестен бір, бестін екісі
№15 - билет
Астана туралы айтып беріңіз.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1997 жылдың 10-ы желтоқманынан бастап Ақмола астана болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылының 6-ы мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгерді.
Ол еліміздің ең жас әрі көрікті қалаларының бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қазір Астана қаласы күннен күнге өзгеріп келеді.
Астанада өнеркәсіп, оқу орындары көп. Астана
Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда президенттің резиденциясы, парламент және Үкімет орналасқан. Қаланың архитектурасы ерекше. 21ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.
«Болашақ мамандық» бейтаныс мәтінмен жұмыс.
«Мамандық» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сен қандай мамандықтарды білесің?
- Мұғалімдер кімге білім береді?
- Саған қандай мамандық ұнайды?
- Неге ұнайды?
- Сен кім болғың келеді?
- Неге . . . болғың келеді?
Етістік. Шақ категориясы.
Заттың қимылын, ісін, күй жайын білдіретін сөз табы - етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады. Не істейді? не қылды? не істелінді? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын бірдіреді. Мысалы: Мен бардым. Мен барғанмын. Мен барып едім. Мен барамын. Мен бормақпын. Мен оқып отырмын. Ол көріп түр.
№16 - билет
Абай Құнанбаев туралы әңгімелеңіз.
Абай қазақтың ұлы ақыны , композитор , философ, қазақ жазба әдебиетінің қалаушысы, оның классигі. Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абай парсы, араб тілдерін жақсы білген. Орыс мектебіне барып , орысша үйренеді.
Ол Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынын қазақ тілінде аударады. Ақын қазақ халқын мәдениетті болуға, білім алуға шақырды. Республикада көптеген мектептер, мен көшелер Абай есімімен аталады. Абай аттында бір қала, бір аудан бар.
«Мамандық» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
1. Сен қандай мамандықтарды білесің?
- Мен дәрігер, мұғалім, құрылысшы, аспазшы т.б. мамандықтарды білемін.
2. Мұғалімдер кімге білім береді?
- Мұғалімдер оқушыларға білім береді.
3. Саған қандай мамандық ұнайды?
- Маған ....( аспазшы) мамандығы ұнайды.
4. Неге ұнайды?
- Өйткені ....(аспазшы дәмді тағамдар пісіреді.)
5. Сен кім болғың келеді?
- Мен тәрбиеші (жүргізуші) болғым келеді.
6. Неге тәрбиеші (жүргізуші) болғын келеді?
- Өйткені мен балаларды жақсы көремін.( Өйткені мен техниканы жақсы көремін.)
Етіс түрлері.
Етіс деп амалдың субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
негізгі етіс,
ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),
ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
5 өздікетіс-ын (-ін, -н)
барғым келеді – етістік,салт, күрделі, туынды.
№17 - билет
«Бейнелеу өнерінің тарихы» туралы әңгімелеңіз.
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтиды, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уалиханов. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Х. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
«Қазақстандық спортшылар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Қазақстанда спорттың қандай түрі дамыған?
- Қазақстанда бокс, күрес, тоғызқұмалақ, футбол дамыған.
Классикалық спорттың шебері кім?
- Классикалық күрестің шебері Дәулет Тұрлыханов.
Ол қандай олимпиаданың жүлдегері болды?
- Сеул олимпиаданың күміс жүлдегі болды.
Қазақстанның футбол командасы қалай аталады?
- Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Бахтиях Артаев.
Қазақстанның футбол командасы қалай аталады?
- Қазақстанның футбол командасы «Ертіс» деп аталады.
Павлодардан шыққан атақты конькиші кім?
- Павлодардан шыққан атақты конькиші – Людмила Прокашева.
Біздің елде спорттың дамуына қандай жағдай жасалып жатыр?
Үлкен қалаларда спорт комплекстер салынып жатыр, стадиондар жөнделіп жатыр.
Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Жаздыгүні көп жаңбыр жауды, сондықтан биыл егін мол шықты. (себеп -салдар салалас құрмалас сөйлем)
-.-.-.-.-.-.-.--.-.-.- _____________ -.-.-.-____-----_______
Көктем келді, далада жұмыстар басталды. (Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем)
_____________._._._.____________________
№18 - билет
«Қазақстандық жоғары оқу орындары» туралы әңгімелеңіз.
Қазақстан білімді ұрпақты тәрбиелейді. Біздің елімізде көптеген білім ордалары бар. Олар: балабақша, мектеп, лицей, колледж, университет, институт, академия. Жоғары оқу орындарына университет, институт, академия жатады. Қазақстанда әйгілі Евразия Университеті, Назарбаев университеті бар. Алматыда Өнер академиясы бар, сонымен қатар Астанада медицина академиясы бар. Жоғары оқу орындарының түлектері сапалы білім алып, түрлі жұмыс орындарына істейді. Президенттің тапсырысы бойынша «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істейді. Онда студенттер шет елдерге барып, білім алады. Қазақстанның жоғары оқу орындарынан кейін студенттер оқуларын шет елдерде жалғастыра алады.
«Қазақстанның табиғаты» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
- Біздің елдің табиғаты қандай?
- Біздің елдің табиғаты өте әдемі, бай.
- Қазақстан жері немен бай?
- Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай.
- Қазақстанда ең әсем қай жерлер?
- Ең әсем жерлер Көкшетау, Баянауыл, Алматы.
- Баянауыл қайда орналасқан?
- Баянауыл Павлодар облысында орналасқан.
- Баянауылда қандай көлдер бар?
- Баянауылда Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері бар.
- Қандай аңдар мен құстар кездеседі?
- Мұнда жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері кездеседі.
- Баянауылдың табиғатын, байлығын не істеу керек?
- Баянауылдың табиғаты мен байлығын сақтау, қорғау керек.
- Бянауыл ауданының аймағы не болып жарияланды?
- Баянауыл ауданының аймағы қорық болып жарияланды.
Фразеологиялық тіркестер.
Фразеологиялық тіркестер – тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестер. Ондай тіркестерде сөздердің орын тәртібі берік тұрақты болады, орын ауыстыруға болмайды. Сондықтан оларды тұрақты сөз тіркестер – фразеологизмдер дейді. Фразеологизмдер дегі сөз тіркестері ауыспалы мағынада беріледі. Мысалы; Мұзға отырғызып кетті- дегенде «мұзға отырғызу» деген ұғым беріліп тұрған жоқ, білдіретін мағына – алдап кету.
Қызыл итке жем болу – қызғану
Қоян жүрек – қорқақ
Төбе шашы тік тұру – қорқу
Көзді ашып жұмғанша - тез
№19 - билет
«Алтын ұям - мектебім» туралы айтып беріңіз.
«Мектеп-кеме, білім-теңіз» дегендей, мектеп біздің өмірімізде жүзіп келе жатқан кеме сияқты. Мектепте біз білім аламыз. «Алтын ұям-мектебім» маған екінші үйімдей. Менің мектебім Катаев көшесінде орналасқан. Ол 3 қабатты, онда 53 кабинет жұмыс істейді. Мектебімізде жақсы кітапхана, таза асхана, кең спорт зал бар. Мектебімізде 1200-ге жуық оқушы оқиды, екі ауысым жұмыс істейді. Мектеп іші таза, кей, жарық. Оқушылар мектептегі әр түрлі үйірмелерге белсенді қатысады. Қалалалық, облыстық жарыстарға мектебіміздің оқушылары ат салысады. Мектеп алдында үлкен алаң бар, онда оқушылар футбол ойнайды. Мектебімді мақтан етемін.
«Қазақтың қол өнері» туралы диалог құрастырыңыз.
Қай жылы сақты жас әскери адымы табылған?
1970 жылы сақты әскери адымы табылған. (Алтын адам)
Ескі қорғанынан не табылған?
Ескі қорғанынаналтынанжасалғантөртмыңнанастам өнер шығармаларын тапқан.
Киізүйдіңнегізгі не болған?
Киізүйдіңнегізгісәніою-өрнекпентамашаөрнектелгентекеметтерболған.
ӘбілханКәстеевкімболды?
Қазақтыңтұңғышкәсіпқойсуретшісіболды.
Сен қандайҚазақстаннынсуретшілерінбілесің?
Мен Қисаметдинова, Исабаева, Гурьева, Рахманова т.б.-лардыбілемін
Етістіктің болымсыз түрі.
Іс-әрекет, қимылдың болмауын, іске аспауын көрсетілетін етістіктер болымсыз деп аталады.
Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары:
Болымсыз етістік түбіріне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағын жалғану арқылы. Мысалы: бар-барма, кет-кепе, жаз-жазба.
–ған, -ген, -қан, -кен есімшенің жұрнақтары мен жоқ, емес сөздерінің тіркесуімен жасалады. Мысалы: барған емес, барған жоқ.
№20 - билет
«Павлодарлық суретшілер» туралы әңгімелеңіз.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтыңыз.
Ғалым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап-босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтанша,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпанды, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Лексикалық талдау жасаңыз.
Сөздің мағынасы (ненің атауы)
Тура немесе ауыспалы мағына
Синоним
Омоним
Антоним
Тұрақты тіркес
№21 - билет
«Қазақтың тұңғыш тілшілері» туралы әңгімелеңіз.
«Кең байтақ туған өлкем» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Іс қағаздары. Өмірбаян жазу.
№22 - билет
«Қазіргі заман музыкасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Жамбыл Жабаев туралы диалог құрастырыңыз.
Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы дүниеге келген. Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі – “Жылқышы” өлеңі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған “Шағым” деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын топас молдаларыдың сиқын суреттейді. Жамбылдың өлеңдері: “Кедей күйі”, “Зілді бұйрық”, “Өмір жыры”, “Тарас”, “Отанды сүю”, “Ленинградтық өрендерім” және т.б. Жамбыл 100-ге қараған жасында 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.
Есімдік. Есімдіктің түрлері.
Есімдік зат есім, сын есім, сан есім орнына жұмсалады.
- Негізгі(мен,сен)-туынды(біреу,барлық) - Дара(ол,сіз)-күрделі(әлдеқайда)
1.Жіктеу (личные) мен,сен,сіз.
2. Сілтеу(указательные) бұл, осы,сол.
3.Сұрау(вопросительные)кім?не?қайда?қай?
4.Өздік(возвратное)өзім,өзің,өзіңіз,өздеріміз 5.Белгісіздік(неопределённые)кейбір,бірнеше,әрқашан
6.Болымсыздық(отрицательные)ешкім, ешқандай,ешқашан
7.Жалпылау(обобщающее)әр, бәрі, барлық, барма
№23 - билет
Мұзафар Әлімбаев туралы әңгімелеңіз.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқарды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды.
М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Жазушыныңөлеңдері 38 тілгеаударылған.
«Отбасылық дәстүрлері» туралы диалог құрастырыңыз.
- Сен қандай қазақ халқының салт-дәстүрлері білесің?
- Мен ата-ана, қара шаңырақ, шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, үйлену тойы және тағы басқа салт-дәстүрлері білемің.
- Қазақхалқышілдеханада не істейді?
- Қазақхалқышілдеханададастарқанжайылып, жастардомбыратартып, әнсалып, ұлттықойындаройналады.
- Бесікке салу – не?
- Бесікке салу – халқымыздыңелеуіүлкендәстүрі.
- Бесіккесалудақазақхалқы не істейді?
- Бесіккесалудақазақхалқыдастарқанжайылып, бесіккесалғанадамғакәдеберіледі.
- Қырқынаншығару не?
- Қырқынаншығару – нәрістеніңтуғанкүнінеқырықкүнтолғансоң, ыдысқақырықбірқасық су құйып, соғаншомылдырады.
- Кенже бала не?
- Кенже бала – үйдіңиесі, өйткеніәке-шешесіоғанқарашаңырақтыбереді.
Сөйлем мүшелері.
Сөйлем мүшелері 5 түрге бөленеді: 2 тұрлаулы сөйлем мүшесі, 3 тұрлаусыз сөйлем мүшесі.
тұрлаулы сөйлем мүшесі: бастауыш, баяндауыш.
тұрлаусыз сөйлем мүшесі: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Аныктауыш қандай? қай? Деген сұрақтарга жауап береді. (қызыл, дәмді, үлкен)
Толықтауыш септік сұрақтарына жауап береді. ( А.с., І.с. баска)
Айжанды (кімді) кітапханага ертіп апарды.
Пысыктауыш істін мезгілін, мақматын, себебін білдіретін тұрлаусыз мүше.
Сұрақтары: кашан? калай? Неге? Не себепті? Не ушін?
Ертен (қашан?) досыммен қонаққа (қайда?) барамын.
№24 - билет
«Павлодар облысы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Павлодар облысы 1720 жылы құрылған. Ертіс өзенінің бойына орналасқан. Облыста он екі аудан, үш қала- Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары. Халқы көп ұлтты.
Павлодар облысы-Қазақстан Республиканың ауыр индустрия және энергетика орталығының бірі.Баянауыл, Щербақты, Май аудандары мал өсіреді. Ал Ақсу Павлодар аудандары облыс Аудандарына көкөніс, Жеміс-жидектер өсіреді. Павлодар облысында табиғат әсем. Бұл Баян таулары, Шалдай орманы, Жасыбай, Сабандыкөл көлдері бар. Павлодар облысының жерінде көптеген Ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары, қоғам қайраткері, батырлар дүниеге келген. Олар: Жаяу Мұса, Қаныш Сәтбаев, Естай, С.Торайғыров, Ш.Айманов.
1918 жылдан бастап «Звезда Прииртышья», ал 1929 жылдан бастап «Сарыарқа самалы» облыстық газеттері шығып тұрды.
«Ұлы Отан соғысының батыры» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
-Қазақтың қандай батыр қыздарын білесің? - Қазақтың Әлия мен Мәншүк батыр қыздарын білемін
-Ұлы Отан соғысында олар не көрсетті? - Ұлы Отан соғысында олар ерлік көрсетті.
-Соғыста Әлия мен Мәншүктің қызметтері қандай болды?-Соғыста Әлия мерген ал Мәншүк пулеметші болды
-Әлия қайда тәрбиеленіп, оқыған? – ол Санкт- петербургте интернатта оқып, тәрбиеленген.
-Мәншүк қандай институтта оқыған?- Мәншүк мединститутта оқыған.
-Ол нені армандады? -Ол дәігер болуды армандады.
-Әлия мен Мәншүк не үшін өмірлерін қиды? – Олар Отан үшін өмірлерін қиды.
- Олар қандай атаққа ие болды? – Олар Совет Одағының батыры деген құрметке ие болды.
-Олардың есімімен нелер аталған? –Әлияның есімі Петербургте көше аталған, ал Мәншук атында метеп бар.
Сын есім. Туынды сын есім.
Сын есім-заттың түрін, түсін білдіреді. Сын есім қандай? Қай? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді. Мағанасына қарай сапалық және қатыстық сын есім болады.Сын есім негізгі немесе туынды бар.
Туынды сын есім-производное прилагательное
Қосымша+жұрнақ (сөз тудырушы немесе сөз тірлендіруші)=туынды с.е
№25 - билет
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы әңгімелеңіз.
С.Торайғыров-қазақ халқының 20 ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап
ақыл-ойшысы.
С.Торайғыров 1893 жылы 28-қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дуниеге келді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Ақын 27 жасында 1920 жылы ауыр науқастан қайтыс болады. С.Торайғыров өз шығармаларының тақырыптары: оқу, білім, махаббат. Осы тақырыпқа бірнеше өлеңдер жазады. «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерге». Ақын творчествосының тағы бір үлкен саласы-«Адасқан өмір» , «Кім жазықты?», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» романы. Павлодарда С.Торайғыров атында университет, көше, ескерткіш, Баянауылда оның атымен Совхоз аталған
«Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сенің қалаң қай қала?
Менің туған қалам Павлодар қаласы.
Павлодар облысы қай жылы құрылған?
Павлодар облысы 1720 жылы құрылған.
Облыста неше аудан, неше қала бар?
Облыста 12 аудан, 3 қала бар
Ол қайда орналасқан?
Павлодар облысында орналасқан
Бұл жердің табиғаты қандай?
Бұл жердің табиғаты жақсы. ( континенталды)
Бұл өңірде атақты адамдар бар ма?
Бұл өңірде атақты адамдар бар. Олар Ш. Айманов, Майра Шамсутдинова, Машһүр Жүсіп Көпеев т.б
Сен өз қалаңды жақсы көресің бе?
Иә, мен өз қаламды жақсы көріп, мақтан тұтам.
Сен қай қалада тұрасын? Мен Павлодар қаласында тұрамын.
Ол қандай қала? Ол - шағын таза, әсем қала
Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады? Қалада көп ұлт өкілдері тұрады
Олар қалай тұрады? Олар тату-тәтті тұрады
Сенің қалаң көне ме, жаңа ма? Менің қалам – жаңа қала
Қандай аудандары бар? Щарбақты, Баянауыл, Май және т.б аудандары бар
Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма? Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар
Қалада қандай өзені бар? ҚаладаЕртіс өзені бар
Үстеу. Оның түрлері.
Үстеу дегеніміз-морфологиялық өзгеріске енбейтін етістіктегі іс қимыл, амалдың, әр түрлі белгілерін сөз табы.
Қазақ тілінде үстеүлер мағынасына қарай : мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, себеп-салдар үстеулер.
Күні-түні – үстеу, күрделі, туынды, мезгіл
Достарыңызбен бөлісу: |