9-сынып Қазақ әдебиеті «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата15.05.2020
өлшемі9,97 Kb.
#68745
Байланысты:
Новый документ


9-сынып

Қазақ әдебиеті

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-тапсырма



  1. Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не? А) Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі

Б) Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі
С) Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы

Д) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы

[1]


  1. Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?

А) Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан ашықтан-ашық көрсетуі, ел

тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының

азаттық үшін күресі

Б) Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі

С) Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің

қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету

Д) хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен

жағымпаздық.




  1. «Өмір болған соң, күрессіз бола ма...» деген ойды әрі қарай өрбітіп жазыңыз (1-2 сөйлем).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

[1]


  1. Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз

(2-3 сөйлем).
Туыңдай қанат керген желді күнгі, Танытты кең әлемге теңдігіңді. Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап, Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

[1]



  1. Самсаған қара орманым – байтақ елім, Сынға сап сан жақсыны байқап едің. Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің! – деп жырлаған Н.Айтұлының шығармасындағы «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (2-3 сөйлем).


________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[1]


2-тапсырма


6. Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
[3]

7. «Ия, Сырым шырағым!

Қарадан хан болдың,

Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).
[3]

8. Өтінде арпалысқан өмір-майдан,

Жайқалсын болашағың тамыр жайған.

Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,
Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!

Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.

[3]


  1. «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.


[3]

[3]
10.Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.




    1. «Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).



    1. «Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет