9-сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
ТЖБ 9-сынып әдебиет 1-тоқсан
1. Ж. Баласағұн "Құтты білік" дастанындағы әділдіктің бейнесін суреттейтін қай кейіпкер? [1] Айтолды Күнтуды. Өгдүлміш Одғұрмыш 2. Жоғары оқу орындарындағы дәрістер, ғылыми баяндамалар, ғылыми шолулар, ғылыми хабарламалар арқылы жасалатын шешендіктің түрі. [1] А. Сотта айтылатын шешендік В. Академиялық шешендік С. Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік Д. Діни қызметте қолданылатын шешендік 3. Майқы биді даналық сөзінде қандай мәселе көтерілген? [1] Досым дос оған, қасым қас, Жауымды түнде шолған-ды. О, тәңірім, табынам, Бесеуге бер береке. Достық Бірлік пен береке Байлық Адамгершілік 4. Әнет баба "Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?" даналығында үш ғайыпты қалай түсіндіреді? [1] А. Тамақ, ұйқы, күлкі В. Дерт, серт, жау. С. Ажал, қонақ, несібе Д. Достық, бақыт, береке 5. Әйтеке бидің «Қасқакөл дауы» шығармасында даудың шешілуіне ықпал еткен кім? [1] А) билердің сөзін жерге тастаған Ормамбет Б) жасының үлкендігін алға тартқан Төле би С) халқыңа пайдасы тимес деп күйінген Әйтеке би Д) баласының қарт билерді ренжіткеніне күйінген ана 2-БӨЛІМ 6. Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны бойынша берілген үзіндідегі автор ойын анықтаңыз. Ойыңызды жүйелеп 4-5 сөйлеммен жеткізіңіз. [4] Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын. Талай ізгі іс атқарылды ақылмен, Мың рақмет ақыл-еске асыл кен! Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас. _____________________________________________________________________________ жүктеу/скачать 249,88 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |