9 соөЖ тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі. Терминжасам тәсілдері. Семантикалық тәсіл. Морфологиялық тәсіл. Тапсырмалар



Дата07.02.2022
өлшемі16,6 Kb.
#88905
Байланысты:
9 сөож


9 СОӨЖ тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі. Терминжасам тәсілдері. Семантикалық тәсіл. Морфологиялық тәсіл.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді жазыңыз. Олардың қай ғылым саласында қолданылатынын көрсетіңіз.
Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі:
1.Бейне. Бейне ұғымы жалпыхалықтық лексикадаға сөз болып, психология саласында терминдік мағынаға ие болған. Оның түсіндірме сөздіктегі және психологиялық энцеклопедияда берілген анықтамасынан байқауға болады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалп редакциясын басқарған Т. Жанұзақов Алматы . Дайк-Пресс : 2008 , . - 968 б.: БЕЙНЕ. 1. Кескін-келбет, тұрпат. 2. Мүсін, сымбат, нышан. 3. Көркем шығармадағы кейіпкер, образ, тулға. 4. Көркем шығарма я ауыз әдебиетіндегі кейіпкер образы, тұлғасы.
Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б: Бейне – субъективті дүние немесе оның фрагменттерінің, субъект, басқа адамдар, қоршаған кеңістік және уақыттың біраз – дін/ң көрінісі.


2. Қылық. Жалпы қолданыстағы қылық сөзінің терминденуіне себеп болған нәрсе, «мінез-құлық» семасы болып табылады. Сол семаның арқасында психологиялының күрделі ұғымын бейнелейтін термин жасалып тұр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалп редакциясын басқарған Т. Жанұзақов Алматы . Дайк-Пресс : 2008 , . - 968 б.: Қылық. 1. Кісінің жеке басына тән мінез-құлық. 2. Ауысп. Біреу тарапынан істелген ұнамсыз іс-әрекет. Қылығ өтті — ызасы өтті. Қылығы тәтті — мінез-құлқы сүйкімді, қылықты. Қылық көрсетті [шығарды] — а) қылығымен сүйкімді көрінді; ә) оқыс мінез танытты.
Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б: Қылық – (іс) мінез-құлықтың күрделі «бірлігін» белгілеу үшін Генри Мюррей енгізген термин. Түрлі қылықтарға адамдар мен объектілер арасындағы өзара әрекеттестік жатады. Қ-тың ұнамды, бағалы нормалары адамды жағымды сенімдерді бойға дарытуға себепші болады.


Көнерген сөздердің жаңа терминдік мағынада жұмсалуы:
1. Жасақ. Бұл сөз архаизм сөздер қатарына жатқанымен, қазіргі кезде әскери іс саласында қайта қолданысқа енген. Терминком (termincom.kz/) сайтында қолданысқа енген жылын 1998 жыл деп көрсеткен. Қазірде жасақ (жасақ) деген архаизмді қайтадан тірілітіп осы сөзден сақшы деп жаңа термин сөз жасап алдық. Ерікті жасақ (добровольная дружина), жанама жасақ (боковой отряд), арнайы жасақ (отряд специального назначения) түрінде қолданылып жүр.
2. Төреші

Диалектілердің терминденуі:


1. Кеуек. Биология терминдерінің қатарынан орын алған «кеуек» сөзіне мынадай анықтама берілген: «біртұтас материалдардың ішіндегі 0,01 мм-ден бірнеше мм-ге дейін түйіршік тәріздес саңылау. Тұйық немесе бір-бірімен өзара жанасатын қуыстары бар табиғи және жасанды материалдар. Қуыстардың көлемі 30-80 пайызға жететін материалдарды кеуекті материалдар» дейді. Диалектологиялық сөздікте кеуек:

  1. Кеуек болмағанда ұрыларды ұстар едік. тау үңгірі (Маңғ.);

  2. Кеуек — «құдық түбіндегі балшықтың құлауынан пайда болған қуыс»
    Байқап отырғанымыздай диалекті сөздің білдіретін ұғымы мен терминдік ұғымның ұқсастығына орай термин жасалынған.

2. Құжат. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандарында қолданылатын «құжат» диалект сөзі қазір терминдердің қата­рында екені белгілі.

3. Қандауыр (скальпель). Бұл сөз Жамб.: Тал., Сар.; Шығ. Қаз., Зайс. қан алғыш. Аттың тұмсығынан қан алу үшін қандауыр керек (Жамб., Тал.). Бұрын қандауыр ұстамайтын дәрігер болмайтын (Шығ. Қаз., Зайс.) сияқты терминдерді де қосуға болады.



2-тапсырма. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер
мен терминдік тіркестер беріңіз. Оларды қатыстырып сөйлем құрыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет