12-СРС «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу» тақырыбында эссе дайындау.
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған түркі ескерткіштерінің бірі – Жалаири Қадырғали Қосымұлының қолынан шыққан тарихи туынды «Жамиғат-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»). 1602 жылы жазылып аяқталған бұл шығарма ғалымдар назарына ілігуі – XIX ғасырда өмір сүрген татардың ағартушы ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол еңбектің бір көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырады. Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. Өйткені, Қадырғали мәліметтері қазақ қоғамына тән процестерді сырт көз арқылы емес, іштен қарауға көмектеседі. Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің барлығында да, оның ішінде Қадырғали шежіресінде де өзге тілдік қабатты араб пен парсы сөздері құрайды. Сонымен қатар мұнда монғол сөздері және некен-саяқ қытай тілінің элементтері кездеседі. Шығармада қолданылған араб сөздерінің дені – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Олардың да басым көпшілігі түркі тілдеріне еніп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, рәсім, адат тәрізді сөздер. Қорыта айтқанда, Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі.
13-СРС «Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі» тақырыбын интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдары бойынша жазбаша талдау жасау.
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі -барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада- Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді. 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,олардың саны әлем бойынша сынақтардық 4/1-ін құраған.Ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарыслыстан бірнеше есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.Ол-ядролық қарусыз әлем құру үшін жасалған еді.Дегенмен,ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелерде жоқ емес. Атом технологиялары мен материялдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтық «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай деген: «Ядролық қаруды таратпай режімін нығайту жөніндегі бастамаларыз- әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесімізӘлемде алғашқы болып Семей полигонын жауып және атом қаруынан бас тартып, біз жетекші ядролық державлардан (АҚШ,Қытай,Ресей,Ұлыбритания) қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық »,-дед тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |