Ядролық қарусыз әлем үшін жасалған бірнеше нақты бастамалар мен қадамдар: Семей полигонын жабу, 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тыйым салды, 1994 жылы 14 ақпанда МАГАТЭ мүшесі болды, 1993 жыл 13 желтоқсан Ядролық қаруды таратпау туралы заңға қол қойды.
Интернеттегі әлеуметтік желілердің жариялымдарын талдау
Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Әлеуметтік желілердің ақпарат қоғамындағы рөлін көрсету үшін бірнеше статистикалық мәліметтерге тоқталсақ:
« Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланады;
«Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті;
АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан;
Егер «Facebook» мемлекет болғанда, халық саны бойынша үшінші орында тұрар еді. Себебі 800 миллион қолданушысы бар.
Компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгінеді;
Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі қонақтарының саны Қазақстан халқынан да көп;
-«Facebook»-та тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде.
Бұл — жаңа серпіліс. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан.»
Әлеуметтік желілердің кең тарауына себепші психологиялық факторларды төмендегідей жіктеуге болады:
1. Арманын виртуалды түрде шын сияқты көрсете алу. Яғни шын өмірде өзі жете алмаған жетістіктерді, өзіне бұйырмаған дүниелерді виртуалды әлемде қолы жеткендей көрсете алу. Мысалы, өз түр-келбетіне қанағаттанбайтындар өз суреттерін қалағанынша сәндеп қояды, немесе өзге біреудің суретін енгізеді, өзіне ұнайтын көлікті өзінде бардай көрсетеді,т.б.
2. Қалаған адамыңмен тез араласып, тез араны үзе алу;
3. Өмірде айта алмайтын ойларыңды еркін жаза алу;
4. Жаңалыққа деген құштарлық. Жаңалық, ақпаратқа деген құштарлық адам баласында болатын дүние. Ал әлеуметтік желідегі миллиондар арасында болатын мыңдаған ақпарат оны қанағаттандыра алады;
5. Өзіңе керек сәттегі әңгіме; шын өмірде саған ойыңды бөлісуге, ішіңдегіні ашып әңгімелесуге қашанда ыңғай бола бермейді. Қол бос емес боп қалады, т.с.с. ал «әлеуметтік желіде» сөйлесу қажеттілігін қашанда қанағаттандыруға болады.
Қорытындылай келе, Қазақстан бүкіл әлем елдері үшін қарусыз әлемнің бастаушысы болып есептеледі. Себебі, ең алғаш ТМД елдері арасында ядролық қарудан бас тарты. Ядросыз әлем үшін жасаған нәтижелі бастамалары ел болашағы үшін маңызы зор. Қазақстан бастамалары бейбіт болашаққа жетелейді.
Әлеуметтік желілер қазіргі таңда кең таралған ақпарат құралдары болып есептеледі. Әулеметтік желілердегі оқырмандар саны мен жарияланымдар саны күн сайын артпаса, кему үстүнде емес. Әлеуметтік желілердің ішінді көп қолданысқа иелері: Instagram және Facebook. Осы әлеуметтік желілерді дұрыс немесе бұрыс жағынан қолдану әркімнің өз таңдауы .
Достарыңызбен бөлісу: |