Ұлттық мәселе болғаннан кейін ұлтаралық шиеленістердің болуы мүмкін, ол саяси, территориялық, экономикалық, тілдік мәдени, діни проблемаларды шешу барысында болып жатады. Оның шығуының өзіндік объективті себептері болады. Шиеленіс тұтас этностардың және оның өкілдерінің арасында болуы мүмкін. Сондықтан шиеленістің себептерін тауып және оның дамуына жол бермей, алдын алуға көмектесіп, оның шешілуінің тиімді тәсілдерін ұсынып отырған дұрыс.
Қазіргі қоғамдағы ұлттардың көптүрлілігі адамдардан, басқа ұлттармен қарым-қатынаста шыдамдылықты, мейірімділікті, ашықтықты талап етеді. Өйткені көпұлтты пәтерде бейбіт өмір сүру үшін өзіміздің көршілерімізбен тату-тәтті тұруымыз керек. Бірақ адамдардың кейбір бөліктері жалпыға ортақ бұл талаптармен санаспай, ұлтшылдық идеясын жоғары ұстайды.
Ұлтшылдар өздерінің "үлгілі" ұлттарын басқаларға қарсы қоя отырып, басқа ұлттарға сенімсіздікпен қарап, өз елдеріндегі қолайсыз жағдайлар мен кризистік құбылыстарды әрдайым солардан көріп отырады. Ұлтшылдық негізгі екі формаға бөлінеді: "жаулаушы" және "қорғанушы".
Жаулаушы ұлтшылдық-ұлтшылдықтың ең агрессивті түрі болып табылады. Мұндай ұлтшылдық әртүрлі жағдайларда, әсіресе колониализм саясатында , яғни ұлы державалардың (Ұлыбртания, АҚШ, Франция) әлсіз ұлттың үстінен үстемдік жүргізуінде көрінеді.
Колониалдық кезеңдерге(XVI-XX ғ. ортарихи баға бергенде , ұлтшылдық идеология мен саясаттың бұл түрі-ұлы державалық шовинизм(Никола Шовен) деген атқа ие болды. Шовинизмге жақын адамзатқа қарсы идеологияларға расизм, апартейд және антисемитизмді жатқызуға болады.
Шовинизм (фр. chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы солдат Николя Шовеннің атына байланысты шыққан сөз) - шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы және саясаты; шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты; шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам.