Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері.
Мұғалімдерді аттестациялау- мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау. Мұғалімдерді атестациялау , аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдану, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі. Сараптаудың мазмұны,ұйымдастырылуы, өткізілуі.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институтарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс.
Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойьнша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал, білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады.
Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссияның негізгі шешімі — біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, жоғарғы санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, екінші санатты-мектеп аттестациялау комиссиясы береді.
Достарыңызбен бөлісу: |