Шығындардың дөңгелек диаграммасы
. Төменде келтірілген баптар
бойынша өткен
айдағы шығындарыңыз жазылған мәтіндік файл жасаңыз:
• жалдау ақысы;
• бензин;
•
тамақ өнімдері;
• киім;
• автомашина бойынша төлемдер;
• тағы басқалар. Файлдағы
мәліметтерді оқи отырып, ақшаңызды қалай жұмсайтыны-
ңызды көрсететін дөңгелек диаграмма жасау үшін, matplotlib
пакетін пайдаланатын
Python бағдарламасын жазыңыз.
15.
Бензиннің 1994 жылғы апта сайынғы баға кестесі
. 7-тараудың бастапқы кодтарының
ішкі "Программалау есептерін шығару" data бумасынан 1994_Weekly_Gas_Averages.txt
файлын тауып алыңыз. Бұл файлда 1994 жылдың әр аптасындағы бензиннің орташа
бағасы жазылған. (Файлда 52 жол бар).
Файлдың мәліметін оқып, одан кейін соларға
сәйкес сызықтық график немесе бағанды диаграмма тұрғызатын (matplotlib
пакеті
арқылы) Python бағдарламасын жазыңыз. х және у өстері бойындағы мазмұнды
белгілерді,
сондай-ақ, бөлу белгілерін көрсетуді ұмытпаңыз.