90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады


Қазақстан Республикасындағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету торабының дамуы және қазіргі жүйесі



бет5/6
Дата15.01.2023
өлшемі132 Kb.
#165550
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әлеуметтік қызмет көрсету-әлеуметтік жұмыстын ажырамас бөлігі

2.3. Қазақстан Республикасындағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету торабының дамуы және қазіргі жүйесі
Қазақстан республикасында әлеуметтік қызмет көрсету түрлерін беруші стационарлық, жартылай стационарлық, стационарлық емес мекемелер айналысады.
Отбасыларға, әйелдерге , балаларға, қарт адамдарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер торабы қарқынды дамып, өсіп келеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынң айтарлықтай көп болуы- ол жасы профилді. Отбасыларға, балаларға жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге әртүрлі қызметтер түрін көрсету.
1. әлеуметтік-медициналық
2. психологиялық - педагогикалық
3. әлеуметтік тұрмыстық, сауда-саттық қызметтер Бұл мекемелер өмірдің не бір қиын кезеңдеріндегі адамдарға нақты көмек көрсетеді. Әлеуметтік қызмет көрсету торабы- әсіресе еліміздің оңтүстік облыстарында мейлінше жоғары дамып қазіргі уақытта жасы ұлғайған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басым көпшілігі Астапн, Қарағанды, Алматы, Өскемен Шымкент, Тараз қалаларында құрылған.
Олардың ішкі құрылымы да жетіліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық орталықтарының жартысы 1 тәулік тұратын бөлімдері бар.
1/3-де отбасыларға, балаларға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері жқмыс істейді.
Бүгінгі жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет көрсету мекемелердің келесідей түрлері бар.
1. Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған пансионаттар;
2. психо-неврологиялық пансионаттар
3. мамандандырылған үйі интернаттар
4. реабилитациялық орталықтар
5. ақыл-ой өрісі дамымаған адамдар үшін қызмет көрсететін интернаттар
6. өте ауыр физикалық кемшіліктері бар балаларға арналған интернаттар
Елімізді ардагерлерге арналған шағын үй интернат дамып келе жатыр (8-15) адамға дейін. Бұл үйлердің белгілі бір бөлігі муниципалдық бюджеттен қаржыландырады. Қалған бөлігін халықтың әлеуметтік қорғау органдары қаражаттармен қамтамасыз етіп отыр.
Ардагерлер үшін мұндай үйлер үлкен сұраныс туғызып қарт адамдарға қызығушылық білдіріп отыр. Алайда әлеуметтік қызмет көрсетудің жұмыс істеп жүрген, стационарлық мекемелер торабы бүгіндей қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыра алмайды.
Стационарлық мекемелерде әлеуметтік қызмет түрлерін алу керектігі біршама жоғары болады.
Жасы ұлғайған азаматтардың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға өзекті мәселеге айналып өз шешімін таба алмай отыр. Ол үшін келесідей шараларды іске асыру қажеттіліктерді туындатады. 1. Әр 1 муниципалды жергілікті жерде үй интергаттарды ұйымдастыру.
2. Стационарлық мекемелерде үйдегідей жағдайларын жасап психологиялық көңіл-күйін көтеру.
3. шағын үй интернаттарды салып қалыптастыру
4. үй интернаттарды тиімді орналастыруда адамдардың әл мүдделерін есепке алу
Белгілі тұрақты орны, үйлері, пәтері, жұмысы, өмір сүру қаражаты жоқ адамдар проблемасы бұрынғыдай қалыптасып отыр.
Республика отбасыларға, балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер торабын тез дамытып келеді. Белгілі бір даму деңгейінде әлеуметтік тұрмыс қызметі мекемелері жемісті, аумақты жұмыс атқарып отырғанын атап айтуға болады.
Білім беру жүйесінде балаларға әлеуметтік көмек көрсету торабы жылдан-жылға көбеюде. Білім беру мекемелерінде практикалық психологиялық қызметі қалыптасуда. Сонымен бірге әртүрлі қызметтер құрылып одан әрі даму кезеңінде: -психологиялық-педагогикалық қызмет - медициналық әлеуметтік көмек -кәсіби бейімделу және басқалары.
Олар біріншіден балаларға, ата-анасына, педагогтарға білікті, көптүрлі көмек көрстеу. Екіншіден негізгі білім мекемелерінде қызмет атқаратын психологтарға кәсіби қолдау көрсетуді іске асырады.
Қазіргі кезеңде әртүрлі министрліктердің ведомствалық әлеуметтік қызметі жөніндегі ресми құжаттары мен материалдардағы 1- қатардағы қызығушылық танытады. Оларды талдау, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруда, дамытуда 2 ерекшеліктердің бар екенін дәлелдеп отыр:
1. Халықтың жеке категориялары үшін (жастарға, балаларға, эйелдерге, отбасыларға әлеуметтік мекемелердің торабын құруының керектігін дәлелдеп көрсету орын алып отыр)
2. барлық әлеуметтік мекемелердің қызметін, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз үйлестіруге жэне реттеуге ұмтылу.
Осыған байланысты бүл жұмыстың бағыты төмендегідей болу қажет.
1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер торабының
қалыптасу кезеңінде олардың болашақта даму жолын
нақтылы айқындау
2. Әлеуметтік қызметкерлердің жоғарғы кәсіби шеберлегіне қол жеткізу.
3. Әр түрлі ведомствалық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіруді жоғарылату халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қызметі, халықты жұмыспен қамту.
Әлеуметтік мекемелер торабын құру процесі қайшылықты болып бір мағынада жүргізілмей отыр. Жергілікті жерлерде әлеуметтік қызметтерді күнделікті өмірде ылғи да қиыншылықтар көріп отырған халықтың әлеуметтік элсіз қорғалған топтарына бағытталған үрдіс қалыптасқан.
Әлеуметтік қызмет көрсету торабының дамуына бірқатар факторлар кедергі жасап отыр.
1. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі құқықтық базасының әлсіздігі, жеткілікті еместігі.
2. республикалық атқарушы билік органдарының қаржы ресурстарының шектеліп жетіспеуі, жергілікті және өзін-өзі басқару органдарының қаражаттарының топтылығы.
3. Министрліктер мен ведомсвалардың әлеуметтік қызмет өрісінде үйлестіріп басқару жұмыстарының жоқтығы
4. Әлеуметтік жұмыс өрісінде кәсіби мамандандырылып даярланған персоналдардың жоқтығы.
5. Әлеуметтік қызметтің әлеуметтік статусының төменгі деңгейде болуы.
6. Мемлекеттік емес мекемелерде қаржылық, экономикалық жэне интеллектуалдық мүмкіншіліктердің жеткілікті түрде пайдалануы.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері мемлекеттік стандарттарды мейлінше қолданып сақтап отыру қажет. Бұл жұмыстың мазмұны келесідей.
1. Нормативтік құқықтық базаны дамытып отыру.
2. мемлекеттік қолдау
3. Аймақаралық және халықаралық бірлесіп еңбек етуді дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет