10.Генетикалық инженерия негіздері. Трансгенді ағзалар. Фармацияда және медицинада қолданылуы. Генетикалық инженерия (гендік инженерия) — рекомбинантты ДНҚ алудағы, организмнен (жасушадан) генді бөліп алудағы, гендермен шараларды жүзеге асырудағы және оларды басқа организмге енгізудегі әдістер мен технологиялардың жиынтығы.
Негізгі кезеңдері: 1. Оқшауланған генді алу.
2. Генді организмге ауыстыру үшін векторға енгізу.
3. Гені бар векторды модифицирленетін организмге көшіру.
4. Организм жасушаларының қайта құрылуы.
5. Генетикалық модифицирленген организмдерді (ГМО) таңдап алу және нәтижелі модифицирленбегендерді жою. Геномына жасанды жолмен басқа организм гені енгізілген тірі организм трансгендік организм деп аталады.