91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет118/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
2 Қазақстан тарихы 10 сынып 10A.Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті презентация
11.Адамның жыныс генетикасы.
12.Бағаналы жасушалар, жіктелуі. Медициналық маңызы.
Бағаналы жасушалар – арнайы жасушадағы өзін-өзі жаңартатын және дами алатын жетілмеген жасуша.Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы мембранамен қапталған, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, хроматиндері диффузды орналасқан жасушалар. Өзін - өзі жаңартуға өте қабілетті кішкене ғана «мәңгі механизм» адамның туылған сәтінен бастап қалпына келтіруге қабілетті,және реттеуші жүйе болып табылады.
Бағаналы жасушалардың ерекшеліктері:
• Бағаналы жасушалардың өздігінен бөлінуге қабілеттілігі өте жоғары.
• Олар өзі тектес ұлпалардың құрамына енгенде олармен бітісіп кетуге бейім.
• Арнайы жағдайда бұл жасушалар кез келген жасуша және тін кейпіне айнала алады.
Бағаналы жасушалардың түрлері:
• Эмбриональды б.ж
• Гемопоэтикалық б.ж
• Региональды б.ж
• Мезенхималық б.ж
• Ересек ағзаның б.ж
Адам ағзасы мен тіндеріндегі бағаналы жасушаларды айқындау әр түрлі зерттеме жасау арқылы (ұрықтан және ұрықтың тінінен,кіндік және адамның қанынан)ғалымдар медицинада қолдануды қолға алды. Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар кіндік қанынан алынады. Жаңа туған баланың сүйек кемігінде 10000 қан жасайтын бағаналы жасушаға бір стромалық жасуша сай келеді.Жас өспірім балада ендеше 10 есеге азаяды. 50 жасқа келген адамда жарты миллион бағаналы жасушаға бір ғана стромалық жасуша келеді,ал 70 жаста оның саны миллионға біреу ғана болады.Сондықтан да сүйек кемігіне жасушаларды алу жас кезде ғана жүргізіледі.
Жасушалық технологиялардың “артықшылықтары” және “кемшіліктері”
Артықшылықтары :
Бағаналы жасушалар арқылы бүкіл органды қалпына келтіруге болады. Күйік, ісік жерлерді бағаналы жасушалар қалпына келтіріп оны жаңартаалады. Бағаналы жасушалар арқылы тері, шаш, ішкі органдарды, сүйек, тіс, секілді мүшелерді өсіруге болады. Бұл қасиет бағаналы жасушаларды басқа жасушалардан ерекшелендіреді. Бағаналы жасушалардың тағы бір қасиеті регенерацияға қабілеттілігі. Адамда жасушалар бағаналы жасушаларға айнала алмайды. Егер бағаналы жасушалардың дедифференциациясы механизімі анықталатын болса адамда өзінің шеткі мүшелерін қайтадан өсіре алады. Қол, аяқ одан басқа ішкі мүшелер- өкпе, бауыр, бүйрек, қан тамырлары, т.б.
Кемшіліктері:
• Бағаналы жасушаларды 9-12 апталық ұрықтан алуға болады
• Б.Ж-ды жұқпалы аурулар, герпес, гепатит, иммуножетіспеушілік сияқты вирустарга мұқият тексеру керек.
• Б.Ж. дұрыс ендірілмеген жағдайда, олар ісік жасушаларына айналуы мүмкін.
Бағаналы жасушалардың клиника практикасында қолданылуы Миокард инфарктінен кейін жүректе тыртық қалады,ал тыртық айналасында кардиомиоциттердің өлімі басталады.Ол жүрек жетіспеушілігіне алып келеді.Емдеу,бағаналы жасушаларының жүрек бұлшықетіне енгізу арқылы жүргізіледі.
Бағаналы жасушалар көптеген ауруларды емдеуде қолданылады
•Қант диабеті.
•Альцгеймер ауруы
•Артериалдық гипертензия
•Амиотрофикалық склероз
•Бауыр аурулары.
•Асқазан-ішек жолдарының зақымданған жасушаларын қалпына келтіруде.
Бағаналы жасушалармен емдеуде туатын қиыншылықтар: Біріншіден, организмге бағаналы жасушаларды ендіретін кезде организімде бағаналы жасушаларға қарсы иммундық реакция жүреді. Иммундық реакцияны басу үшін әр түрлі препараттар ендіреді бұл организмнің зат алмасуын бұзады Адамның шашы түседі, т.б. құбылыстар байқалады. Екіншіден, бағаналы жасушалармен емдеу кезінде техниканың соңғы үлгілерін қажет етеді. Одан басқа сол мамандыққа маманданған кадрлар тапшы. Үшіншіден, бағаналы жасушалар жаңа ғылым саласы болғандықтан толық зерттелмеген. Кейбір оқиғаларда бағаналы жасушалармен емдеген кезде ісік аурулары туралы баяндалады.
Ғалымдар бағаналы жасушаларды әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданып жатыр. Жақында дәрігерлер бағаналы жасушалардан сау тістерді өсіруге дайын екендерін хабарлады. Мүмкін жақында олардан тіпті нейрондарды өсірер, бірақ бұл метаморфоза әлі пробиркалық жетістік қана.
Бағаналы жасушалар бауыр жасушаларына айнала алады. Бауыр зақымданған жағдайда, жаңа бауыр жасушалары (гепатоциттер) донорлық сүйек кемігінен алынған бағаналы жасушалардан өсіріледі.
Бағаналы жасушалардың медицинада алатын орныерекше.Оларды зерттеу, әлі алда көптегенаурулардың алдын алу және емдеуде болашағы зорекеніне ғалымдар сенім артып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет