Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
12)Жалпы қызмет атқаратын органелла құрылысы: рибосомалар, жасуша орталығы, микротүтікшелер. Рибосомалар - сферикалық бөлшектер (диаметрі 20-30 нм), цитоплазмада еркін орналасады немесе ЭПТ мембраналарына бекиді; нәруыз синтезін жүзеге асырады. Рибосома біріктірілуі матрицалық (ақпараттық) РНҚ (мРНҚ) қатысуымен өтетін кіші және үлкен суббірліктерден тұрады. мРНҚ-ның бір молекуласы әдетте моншақ жібі тәрізденіп рибосоманы біріктіреді. бірнеше Мұндай құрылымды полисома деп атайды. Гиалоплазма полисомаларында меншікті қажеттіліктеріне арналған («үйде» қолдану үшін) нәруыздар түзіледі, ал түйіршікті тор полисомаларында жасушадан шығарылатын және организмнің қажеттілігі үшін қолданылатын нәруыздар (мысалы, асқорыту ферменттері, емшек сүтінің нәруыздары) сентезделед
•Микротүтікшелер - диаметрі 25 нм, жасуша цитоплазмасында, құрылымдық элементтерде (жалған аяқтары мен кірпікшелерде), митотикалық ұршық пен центриольдерде кездесед
Центросома немесе жасуша орталығы
•Бөлінуге қабілетті барлық жасушаларда кездеседі. Жасуша орталығы екі центриолден тұрады: жаңадан түзілген және аналық, олар бір-біріне перпендикуляр орналасып, диплосома құрайды.
•Центриолилердің тек біреуінде ғана, яғни, аналығында көптеген қосымша құрылымдар болады. Олардың біреуі сатиллиттер, олардың саны тұрақты емес және центриолдың барлық ұзына бойына орналасады. •Диплосоманың аналық бөлігі микротүтікшелер жасаудың көзі болып табылады. Центириолдар ұзындығы 0,3 мкм, диаметрі 0,1 мкм цилиндр тәрізді. Центириолдардың қабырғалары ақуыз микротүтікшелерінің тоғыз тобынан тұрады.
•Центриолалар қабырғасы Митохондриялар жасуша ішінде орын алмастыруға қабілетті. Сондай-ақ, өздігінен екі еселенуге қабілетті, яғни бөліну арқылы көбейед