Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
8.ТеломералықДНҚ-ныңрепликациясыныңерекшеліктер ДНҚ ұштарының репликациясында теломера мен теломеразаның рөлі. Теломералар – генетикалық ақпараты болмайтын, ДНҚ-ны нуклеазалар ыдырауынан сақтайтын және бірігудің алдыналатын хромосомалардың шеткі аймақтары
Репликация нәтижесінде теломерлік репликациясы өтпесе ДНҚ молекуласы толығымен репликацияланбаған болады. Теломердің ұзындығын қалпына келтіретін фермент – теломераза (ДНҚ-нуклеотидилтрансфераза) болады. Теломераза тек ұрықтық жасушалар мен ісіктік жасушаларда ғана болады, ал сомалық жасушаларда теломераза болмайды.
ДНҚ молекуласындағы репликацияның басталу (иницияция) нүктелері А-Т нуклеотидтер жұптарына бай бірізділіктерге ие. Ерекше танып-білуші ақуыз (А), әрбір осындай нуклеотидтер бірізділігіне бай учаскеге, ДНҚ репликациялаушы кешенді байланыстырады да өзі әрі қарай, кешенмен бірге жылжымайды.
б) Полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті геликаза. Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің бір- бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді.
в) Ширатпаның ашылып жазылуы әрі қарай үлкенді-кішілі түйіндердің (суперализация) пайда болуына алып келеді, бұл ширатпалары ашылған ДНҚ молекуласының еркін айналуына мүмкіндік бермейді, сондықтан да түйіндер пайда болады. Бұл мәселе топоизомераза ферментінің қатынасуы арқылы шешіледі.
• г) Сонымен, геликаза, топоизомераза ферменттері аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасын жеке-жеке екі тізбекке ажыратады. Ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSB-ақуыздар байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.