Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
16)Мембрана арқылы заттардыңтасымалдануы. Төменгі молекулалы заттардың тасымалдануы. Активті, пассивті. • Мембрана арқылы ұсақ заттардың тасымалдануының 3 түрі бар: пассивті:• -жай диффузия • -жеңілдетілген диффузия активті:• -белсенді тасымалдау
Жай диффузия –өздігінен ешбір кедергісіз заттардың концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтуі (май қышқылы, зәр қышқылы, Н2О, СО2, О2). Жеңілдетілген диффузия – концентрация градиентімен бағытында өтеді, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды. Ол ерекше тасымалдаушы ақуыз- транслоказа арқылыжүреді. Белсенді диффузия – мембрана арқылы затардың өткізілуі транслоказа көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрация аз бағыттан концентрация көп бағытқа өтеді. Заттардың бұлайша өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жұмсаудықажет етеді.