Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
19)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. р-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы. Рибосомалық РНҚ-лардың құрылысы. • Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1 молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады. РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц) сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі