91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Жасушаның негізгі компоненттерініңмолекулалық



бет19/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

9.Жасушаның негізгі компоненттерініңмолекулалыққұрылысы: ядро, жасуша мембранасы, цитоплазма.
Ядро компоненттері: ядро қабықшасы, хроматин; ядрошық, ядро шырыны.
Ядро қабықшасы: генетикалық материалды ерекшелейді, екі мембрана мен перинуклеарлы кеңістіктен және диаметрі 80-90 нм саңылаулардан тұрады. Генетикалық ақпараттың негізі ядролық матрикстегі хроматин жіпшесінде орналасқан. 
Ядрошық – тығыз дөңгелек денешік, өлшемі 1-10 мкм. Ядрошық дегеніміз рРНҚ-ның синтезі жүретін, ядроның ішіндегі айқын морфологиялық құрылымды айтады. 
Ядро шырыны – ядро қабықшасының астында орналасқан жартылай сұйық зат және ол ядроның ішкі ортасын құрайды. Ядро шырынының құрамына түрлі нәруыздар, ферменттер, рибосомалық нәруыздар, хромосомалар, нуклеотидтер, аминқышқылдары және басқа цитоплазмаға тасымалданатын да ядродан нуклеин қышқылдары мен рибосомалардың суббірліктерінің синтезін қамтамасыз ететін заттар кіреді.
Қазіргі кезде адам ағзасында құрылысы, қызметтері түрліше болып келетін жасушалар сипатталған, яғни 200-ге жуық типі бұл биомембраналардың да көптеген түрі бар дегенді білдіреді. Ядро қабықшасының сыртқы және ішкі мембранасы, митохондриялардың ішкі және сыртқы мембранасы, ЭПТ, Гольджи кешенінің, лизосомалар мембраналармен қапталған
Цитоплазмада негізгі зат (матрица, гиалоплазма), цитоскелет, қосындылар жəне органеллалар болады. . Цитоплазманың негізгі заты плазмалемма, ядролық мембрана және басқа жасушаішілік құрылымдар арасындағы кеңістік. Гиалоплазманың нәруыздық құрамы әр түрлі. Ең маңызды нәруыздар гликолиз ферменттерімен, қант алмасуымен, азотты негіздермен, амин қышқылдары мен липидтермен белгілі. Гиалоплазмадағы бірқатар нәруыздар микротүтікшелер сияқты құрылымдар жиналатын суббірліктер ретінде қызмет етеді. Цитоплазманың негізгі заты жасуша ішіндегі барлық құрылымдарды біріктіретін және олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін жасушаның шынайы ішкі ортасын құрайды. Матрица бойынша біріктіруші, тіректік қызметінің орындалуы 2-3 нм фибриллалардан түзілген және бүкіл цитоплазмаға енетін микротрабикулярлы тордың болуымен байланысты болуы мүмкін. Қосындылар - цитоплазманың тұрақты емес компоненттері, олар қоректік заттар (май, гликоген), жасушадан шығарылатын өнімдер (секреция түйіршіктері) балласты заттарымен (кейбір пигменттер) қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет