91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


ДНҚ –ның​кеңістікте ұйымдасуерекшеліктері. ДНҚ қасиеттері және қызметі



бет15/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

5.ДНҚ –ныңкеңістікте ұйымдасуерекшеліктері. ДНҚ қасиеттері және қызметі.
ДНҚ молекуласының алғашқы (бірінші реттік) құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеліп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік б айланыс арқылы тұрақтанады, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.
ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т; Г-Ц) болып табылады. ДНҚ жіпшелері полярлы болады, яғни оның 5 1 және 3 1 ұштары белгілі. ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан; Қос ширатпаның бір оралымында 10 жұп уклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм тең. • Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады, сондықтан-да Г-Ц байланысы, А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді.
ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуыздармен) байланысын айтуға болады. Хромосома ақуыздарының 60-80 пайызын-негіздік және гидрофобтық аминқышқылдар (аргинин, лизин, валин, т.б.) көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ-мен негіздік радикалдар, көмегімен ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрекеттеседі. Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Ол 4 түрлі гистондық ақуыздардың-гистон Н2А, гистон Н2в, гистон 3, гистон 4–(Н2а, Н2в, Н3, Н 4) қос молекуласынан құрылған. ДНҚ молекуласы осындай әр бір денешікті екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж. тең. Нуклеосома денешіктері бір бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан
Функциялары: 1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау; 2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу; 3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру .Қасиеттері: 1. Репарация - ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта қалпына келу қасиеті. 2. Репликацияға - ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет