4.Нуклеинқышқылдарыныңқұрылысы,қызметі,жіктелуі.ДНҚ құрылысы.
Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының молекуласы XIX –ғасырдың аяғында 1868 ж. Швейцария ғалымы Ф.Мишер ашқан.Нуклеин қышқылдарының 2 түрі белгілі: ДНҚ және РНҚ. Нуклеин қышқылдары – полимер, мономері болып нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен: азоттық негіздер, қант және фосфор қалдығынан тұрады. Нуклеотидтер молекуласында азоттық негіздердің пуриндік- Аденин(А), Гуанин(Г) немесе пиримидиндік – Цитозин(Ц), Тимин(Т), Урацил(У) деген түрлері, қант ретінде – дезоксирибоза не рибоза, 1 фосфор қышқылының қалдығы кездеседі
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік : тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы. ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) нуклеотидтерідезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1 фосфаттан (монофосфат) құрылған, оларды-д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды. ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді (Ф. Крик, Д.ж. Уотсон). Оның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |