Генетикадағы негізгі терминдер мен ұғымдар. Ген және хромосома. Гомологтықхромосома және аллельді гендер. Генотип жәнефенотип. Гомозигота және гетерозигота
Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
101.Генетикадағы негізгі терминдер мен ұғымдар. Ген және хромосома. Гомологтықхромосома және аллельді гендер. Генотип жәнефенотип. Гомозигота және гетерозигота. Хромосома- жасуша ядросында болатын, гендердітасымалдайтын және организмдер мен жасушалардыңтұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.
Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпараты бар ДНҚ бөлігі.
Генотип – ата-анасынан алынған гендер жиынтығы, организмнің
барлық генетикалық ақпараты.
Фенотип – организмнің қоршаған орта факторлары мен оның генотипіне тәуелді
қасиеттердің сыртқы көрінісі.
Гетерозигота – гомологты хромосоманың нақты локусындаекі түрлі аллелден (түрлі
аллелдер: Аа) тұратын жасуша (организм)
Гомозигота – гомологты хромосоманың нақты локусындаекі бірдей аллелден (бірдей
аллелдер: АА, аа) тұратын жасуша (организм).
Аллель – геннің әрқайсысы нуклеотидтердің ерекше реттілігімен сипатталатын екі немесе
одан да көп альтернативті формасы.
Аллельді гендер – гомологты хромосомалардың бірдей локустарында орналасып, бір белгінің тұқым қуалауына жауап береді.
Гомологтық хромосомалар — пішіні, мөлшері мен тұқым қуалаушылық ақпараттары бірдей жұпхромосомалар. Тек диплоидті жасушаларда кездеседі. Эукариоттардың жыныс жасушаларында жәнепрокариоттардың жасушаларында болмайды.