91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Популяциялық генетика негіздері. Популяция. Демографиялық көрсеткіштер. Генетикалық көрсеткіштер. Харди - Вайнберг заңы



бет81/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

119. Популяциялық генетика негіздері. Популяция. Демографиялық көрсеткіштер. Генетикалық көрсеткіштер. Харди - Вайнберг заңы.

Популяциялардағы генетикалық процестер мен генетикалық әртүрлілікті, уақыт пен кеңістіктегі осы әртүрліліктің өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым популяциялық генетика деп аталады.


Популяция деп морфофизиологиялық, биохимиялық ұқсастығымен сипатталатын, өзара еркін шағылысатын, өсімтал ұрпақ беретін және ұзақ уақыт белгілі аймақта мекен ететін даралар тобы не бір түр ағзаларын айтады.
Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген.
Популяцияның экологиялық және генетикалық сипаттамалары белгілі.

Популяциялық генетика-популяциялардың генетикалық көптүрлілігін және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасында, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика ғылымының бір саласы болып табылады.


Популяциялық генетиканың мақсаты - популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады.


Адам популяцияларының генетикасы - адам популяцияларындағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың маңызды саласы болып табылады.


Популяциялық генетика популяцияның генетикалық құрылымдарын (гендердің және олар түзетін генотиптердің сандық және сапалық сипаттамаларын) және оның Харди Вайнберг заңын пайдалану негізінде өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттейді.


Адамдардыңсанжағынан алғандағыпопуляция түрлері:


Демдер – адам саны1500-4000 аспайтын, туыстық неке 80% кездесетін кішкентай популяциялар
Изоляттар- адам саны 1500-ден аз мөлшерден тұратын, туыстық неке 90% кездесетін популяциялар.
Идеалды – адам саны өте көп, (4000 мыңннан асатын) панмиксия жағдайы тән популяция түрі.

Неке түрлері


1. Аутбридинг – туыстық емес неке, мұндай некелердің негізінде панмиксия жатыр (панмиксия - бұл даралардың бір –бірімен еркін шағылысуы.
2. Инбридинг – таңдамалы некелер, алыс туысқандар арасындағы неке. Туыстық некелер көптеген локустар бойынша тұқымдық депрессияға ұшыратып ұрпақтардың гомозиготалылығына әкеледі, бұл өміршеңдіктің төмендеуінде, өлімнің көбеюінде алып келеді. Инбридинг түрлері:
Ассортативті некелер- генотипі және фенотипі ұқсас (ұзын бойлы, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар) арасындағы некелер, шектеулі мүмкіндіктері бар некелер.
Тиым салынған некелер (инцест) – бірінші дәрежелі туысқандар арасындағы неке.
Генофонд (ген қоры) дегеніміз популяция даралары генотиптерінің ( аллельдерінің) жиынтығы.

Адам популяцияларына әсер ететін эволюциялық факторлар


•Мутация процесі
•Популяциялық толқындар.
• Оқшаулану
•Генетикалық-автоматты процесс-гендік дрейфі.
•Табиғи сұрыптау
Харди - Вайнберг заңы.

Популяция генофондында белгілі жағдайларда әртүрлі аллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты болуы Харди-Вайнберг заңымен сипатталады.


p+q=1
P2+2pq+q2=1

Харди-Вайнберг заңының 3 қағидасы белгілі:


Нақтылы популяциядағы бір геннің аллельдерінің жиілігінің жиынтығы тұрақты болады. Егер популяциядағы доминантты аллельдің (А) жиілігінің жиынтығын p деп, ал рецессивті аллельдің «а» жиілігін - q деп белгілесек, онда p+q=1, яғни 100% тең.
Нақтылы популяцияда бір ген генотиптері жиілігінің жиынтығы тұрақты және Ньютон биномының жайылу заңына сәйкес болады.
P2 - АА генотипінің жиынтығы. 2pq – гетерозиготалы генотиптер (Аа) жиынтығы; q2 – рецессивті гомозиготалы (аа)
генотиптержиынтығы; 1(100%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет