91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет86/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

Целиакия бұл бидайда, қара бидайда және арпада болатын ақуыз - глютенді тағамға тұтынғанда аш ішекте ас қорытудың бұзылысымен сипатталатын ауру. Глютен – целиакиясы бар адамдар үшін «улы» заттекпен теңеседі. Целиакиясы бар адамдарда глютен өзінің аш ішегіне қарсы организмнің аутоимунддық серпінін іске қосады. Бұл аш ішекті зақымдайды және тағам өнімдерінен алынатын қоректік заттектерге аш ішекте сіңуіне мүмкіндік бермейді. Бұл кезде организм қажетті дәрумендерді, кальцийді, ақуызды, көмірсуларды, майларды және басқа маңызды қоректік заттектерді алмайды. Организм бұл заттектерсіз қалыпты қызмет ете алмайды.
123.​Фармакогенетика. Фармакогенетикалық әсерлер. P 450 цитохром. Адам популяцияларындағы генетикалық полиморфизм. Фармакокинетика.
Фармакогенетика адамның экологиялық генетикасының бөлігі болып, организмнің дəріге реакция беруінде тұқым қуалаушылықтың маңызын зерттейді. Бұл бағыт дəрімен емдеу асқынуларын зерттеудегі тəжірибелік талап нəтижесінде экологиялық медициналық генетика мен клиникалық фармакологияның тарауы ретінде туындады. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында туберкулезді емдеу үшін жаңа тиімді препарат изониазидті қолдана бастады. Бірақ кейбір ауруларда стандартты мөлшерді қолданғанда мөлшерін көп рет жоғарылатқанға сəйкес келетін зиянды əсерлер байқалды. Бұл жанұяларда изониазидтің зиянды əсерінің механизмі өте қарапайым болып шықты, яғни препараттың организмнен шығарылуы өте баяу өткен. Дəрі организмге үнемі түсіп тұрғанда оның баяу шығарылуы кумуляция мен уытты мөлшерге дейін жиналуын қамтамасыз етеді. Кез- келген фармакогенетикалық реакциялар адамзат популяциясында жаңа фармакологиялық заттар пайда болғанға дейінгі эволюциялық түзілген генетикалық полиморфизм негізінде дамиды. Дəрінің организмдегі тағдыры сіңірілуімен, таралуымен (ағзалар, жасушалар, органеллалар бойынша), жасушалық элементтермен əсерлесуімен, метаболизммен жəне шығарылуымен негізделеді. Дəрі кинетикасының барлық деңгейі жəне оның əсерінің динамикасы арнайыланған жəне арнайыланбаған ферменттер мен нəруыздар көмегімен жүзеге асырылады. Адамның Р450 цитохромының нəруызы – CYP əртүрлі гендерімен кодталатын, 56 əртүрлі ферменттен тұратын үлкен тұқымдастық. Р450 цитохромының ферменттері – бауырдың құрамында гем болатын нəруыздары. Цитохромдардың біреуі - CYP3A4 клиникалық медицинада қолданылатын дəрілердің 40% көбінің метаболизміне қосылған. Бұдан басқа, CYP көптеген гендері дəрілік терапия реакциясы үшін шынайы қызметтік салдары бар аллелдермен өте полиморфты. CYP аллелдері көптеген дəрілік заттар метаболизмі жылдамдығына əсер етіп, фермент белсенділігінің болмауына, азаюына немесе жоғарылауына əкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет