91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі



бет30/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

20)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі.т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болад, оларды Т-РНҚала; Т-РНҚфен; Т-РНҚлей; т.б деп бейнелейді, ал инициаторлық т-РНҚ –т-РНҚ и мет . Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар: -гидроуридин (гУ)және псевдоуридин (пУ) ; -инозин (И); -метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ); -диметилуридин (м 2У). Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады. Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі. Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі. Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі-3 1 ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады. Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады. Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіпотырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет