Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
23.Геном туралы түсінік. Прокариоттар геномы. Эукариоттар геномы. Вирустар геномы. Геном – бір түрге жататын организмнің гаплоидтық хромосомалар жиынтығындағы тұқымқуалаушылық материалдың толық жиынтығы. Геном әрбір түрге тән. Көбею процесінде жыныстық ұрықтану кезінде екі ата- ананың жыныс жасушаларының геномы бірігіп, жаңа организмнің генотипін түзеді. Генотип – жасушадағы барлық тұқымқуалаушылық ақпараты бар гендер жиынтығы
Прокариоттар геномы • Прокариоттың молекулалық ұйымдасуының негізгі ерекшелігі олардың жасушасында ядролық мембранасынан шектелген ядроның болмауы. Эукариоттан айырмашылығы прокариот геномы өте ықшамдалып құрылған. Нуклеотидтердің кодтамайтын реттілігінің саны минималды. • Прокариот геномы: 1 –ДНҚ молекуласы; 2 – плазмидтер