91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет35/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

Эукариоттар геномы— көлемі және құрылысы жағынан күрделі
болады, олар; нуклеотидтер—кодондар—гендер мен ген аралық
учаскелер—күрделі гендер—хромосома иіндері—хромосомалар—
гаплоидты хромосома саны сияқты бірте-бірте күрделенетін
құрылымдардан тұрады. Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен
болады, себебі олардың нуклеотидтер бірізділігі (ДНҚ молекуласы)
тек қана қайталанбайтын учаскелер емес, сол сияқты орташа
қайталанатын және өте жиі қайталанатын учаскелерден тұрады.
Сол сияқты, геномның өте үлкен болуын гендердің экзон-интрондық
құрылысымен де түсіндіруге болады.
Эукариоттар геномы ядролық және ядродан тыс орналасқан ДНҚ
молекулаларынан тұрады. Соңғысына цитоплазманың сақиналы
ДНҚ-сы: плазмидалар, эписомалар, митохондрия және пластидтер
ДНҚ-сы жатады. Ядролық ДНҚ хромосомасынан тыс орналасқан
гендер жиынтығын плазмондар деп атайды, олар цитоплазмалық
тұқым қуалаушылықты анықтайды. Ядролық ДНҚ-массасының бәрі
дерлік хромосомаларға таралған. Хромосомалар құрылысы
күрделі.
Эукариоттар геномына қозғалғыш генетикалық элементтер —
транспозондарда тән, олар гендер белсенділігін реттеуге
қатынасады, яғни бұрын пассив күйде болып келген гендерді
активтендіреді немесе керісінше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет