Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
28. Генетикалық код, құрылысы және оныңқасиеттері. Генетикалық код – бұл нәруыздағы амин қышқылдарының орналасу реттілігі туралы ақпаратты жазу жүйесі, ол құрамында 4 азоттық негіздің біреуі болатын нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтік қалдықтардың орналасу реттілігі арқылы жүзеге асырылады. Жалпы 64 кодон болады, олардың 61-і мағыналы және 3 - мағынасыз (терминацияланған, stop-кодондар, бұл УАА, УАГ және УГА триплеттері). Генетикалық кодтың қасиеттері Триплеттілігі - әрбір амин қышқылына аРНҚ-ның үш нуклеотидінің сәйкес келуі – кодон деп аталады. Үздіксіздігі (нуклеотидтердіңарасында бөліп тұратын белгілері жоқ) –геннің ішінде тыныс белгілері болмайды; Колинеарлық -аРНҚ кодондарының сызықтық реттілігі мен нәруыздағы амин қышқылдарының сәйкес келуі. Арнайылығы - әрбір аминқышқылына белгілі бір кодондар ғана сәйкес келеді, ол басқа амин қышқылдары үшін қолданылмайды. Артықтықтылығы -бір аминқышқылын бірнеше кодон кодтай алады (әрбір амин қышқылына шамамен 3 кодон сәйкес келеді); бұған метионин мен триптофан жатпайды. Əмбебаптығы –генетикалық кодтың жоғарыда айтылған барлық қасиеттері вирустар мен прокариоттардан эукариоттарға дейінгі барлық тірі ағзаларға тән.