Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
34.Жасуша пролиферациясы туралы түсінік және оның медицинадағы маңызы. Жасушалық цикл. Митоздық цикл. Интерфаза. Митоз. Жасушалық цикл- бұл аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде пайда болған жасушаның қайта бөлінуі немесе өлуіне дейінгі тіршілік ету кезеңі. Жасушалық цикл мынадай кезеңдерден тұрады:
а) митотикалық цикл- жасушалардың бөлінуге даярлануы мен оның бөлінуін қамтамасыз ететін заңды түрде және белгілі бір жүйемен жүретін жасушалық, жасуша ішілік құрылымдардың және генетикалық материалдың құрылымдық- функционалдық қайта құрылу процестерінің жиынтығы болып табылады.
ә) жасушаның өзіне тән арнайы қызметін атқару кезеңі;
б) тыныштық кезеңі;
Митотикалық цикл өз алдына мына кезеңдерден тұрады;
а) митоз- М:
ә) постмитотикалық (пресинтетикалық) кезең - G1;
б) синтетикалық кезең- S;
в) постсинтетикалық (премитотикалық) кезең - G2;
Митоз 4 сатыдан тұрады: а) профаза; ә) метафаза; б) анафаза; в)телофаза