2018-2019 оқу жылына арналған балабақшаның жылдық жоспарының мақсаты мен міндеттері Әдістемелік тақырыбы: Ізгілік педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру.
Мақсаты: Ізгілік педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру арқылы үздік қазақстандық дәстүрлермен халықаралық тәжірибені біріктіретін адамгершілік педагогиканың принциптері бойынша табысты балабақша үлгісін қалыптастыру.
Міндеттері: - балабақшада жаңартылған мектепке дейінгі білім беру мазмұнын іске асыруға ықпал ететін заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру;
- тәрбиеленушілердің денсаулықтарын сауықтыру және нығайтуды жүзеге асыруды кешенді қадағалау;
- білім беру сапасын бағалау ішкі жүйесін әзірлеу және қолдану, білім сапасы туралы дұрыс ақпарат алу;
- педагогтің кәсіби өсу жүйесін әзірлеу;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік-әлемдік тәжірибеcін қолдануды жалғастыру;
- мониторинг процесінің білім беру кеңістігін жаңарту;
- балалардың экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, сыртқы әлемді сезіне және түсіне білетін, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарайтын, үйлесімді, шығармашылық белсенділікпен әлеуметті бейімделген тұлғаны тәрбиелеу;
- отбасы мен балабақша арасындағы сенімді іскерлік байланыстарды орнату.